phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қобыздың қоңыр үні»: Кітапханада Қарагөз Болатованың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

«Қобыздың қоңыр үні»: Кітапханада Қарагөз Болатованың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

29 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Шығыс өңірінен шыққан тұңғыш қобызшы, актриса, қолөнер шебері, Мәдениет саласының ардагері Қарагөз Әбдікеқызы Болатованың 80 жас мерейтойына арналған «Қобыздың қоңыр үні» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

Рухани кешке өнерсүйер қауым, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, шәкірттері мен оқырмандар қатысып, ұлттық өнерді өмірінің өзегіне айналдырған ардақты тұлғаның өнегелі ғұмырын ұлықтады.
Кеш барысында Қарагөз Әбдікеқызының өнер жолы, шығармашылық тағдыры мен өмір белестері туралы мазмұнды сұхбат өрбіді. Өнер иесі балалық шағындағы өнерге деген қызығушылығы, қобызбен табысқан сәттері, ұстаздары мен сахнадағы елеулі естеліктері жайында сыр шертіп, жас буынға тағылымды ойларын жеткізді. Сонымен қатар ұлттық өнерді сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы туралы келелі пікірлерімен бөлісті.
Қарагөз Әбдікеқызы – Шығыс Қазақстан өңірінде қобыз өнерінің дамуына жол ашқан, ұлттық өнерді сахнада дәріптеп, кейінгі буынға насихаттаған бірегей тұлға. Оның орындауындағы қобыз күйлері талай көрерменнің жүрегінен орын алып, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі өнер әлемінде ерекше бағаланып келеді.
Шара аясында Қарагөз Әбдікеқызының немересі Дильназ әжесіне арнап ән орындап, кештің сәнін келтірді. Музыкалық сәлемдер мен қобыз күйлері кештің мазмұнын тереңдете түсіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мерейтой иесін құттықтауға арнайы келген қонақтар қатарында ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Қасенов Самат Берікболұлы, Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино актері, режиссер, әнші Досхан Жолжақсынов, жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Асқар Алтай, суретші, ұлттық музыкалық аспаптар шебері Жолаушы Тұрдығұлов болды. Қонақтар мерейтой иесіне жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ұлттық өнер жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.
Кездесу барысында оқырмандар мен шәкірттері де сөз алып, өнер иесіне деген құрметтері мен ақ тілектерін жеткізді. Тағылымды кеш көрермендерге ұлттық өнердің терең тамырын, қобыз сазының қасиетін сезіндіре білді.

Karagoz Bolatova 3 Karagoz Bolatova 1 Karagoz Bolatova 4 Karagoz Bolatova 5 Karagoz Bolatova 6 Karagoz Bolatova 7
Karagoz Bolatova 8 Karagoz Bolatova 9 Karagoz Bolatova 10 Karagoz Bolatova 11 Karagoz Bolatova 12 Karagoz Bolatova 13

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp