phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Кең даланың кенін тапқан»

«Кең даланың кенін тапқан»

А. С. Пушкин атындағы кітапханада Ғылым қызметкерлері күні, яғни 12 сәуірде «Кең даланың кенін тапқан» атты кездесу өтті.

Аталған ұрпақтар диалогы – облыстың аға буын геологтарының болашақ ізбасарларымен кездесуі – көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күнінде ұйымдастырылды.

Диалог-кездесуге «Топаз» геологиялық барлау компаниясының бастығы В. П. Соляник, «Геос» ЖШС бас геологы А. В. Пятков, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Геология және тау-кен ісі» кафедрасының доценті М. А. Мизерная және т.б. қатысты.

М. А. Мизерная, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты:
-- Геолог мамандығы қазіргі уақытта 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағыдан ерекшеленеді.Қазір геологтарға заманауи ақпараттық технологиялар көмекке келеді. Бұл Қазақстан өңірлерін зерттеудің 200 жылдан астам тарихында жиналған материалды цифрландыру. Бұл геологиялық процестерді бақылау кезінде өте маңызды заманауи ғарыштық технологиялар, ұшқышсыз ұшу аппараттары. Геология бір орында тұрмайды, ол әлемдік ғылыммен қатар жүреді және Қазақстан геологтары әлемдік ғылымда айтарлықтай орын алады.

Аға буын геологтар өздерінің романтикалық кәсібі мен оның қыр-сыры жайлы әңгімелеп, өздерінің геологиялық өмірдегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кездесудің қатысушылары облысымыздың тәжірибелі геологтарымен қарым-қатынас жасап, өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойды.
Кездесуді «Геология. Шабыт әрі еңбек» атты кітапхана қорының тақырыптық көрмесі толықтыра түсті. Аталған көрмеде қазақстандық геология фактілерде, құжаттар мен фотоматериал беттерінде берілген. Сондай-ақ, Батырхан Мұқановтың орындауындағы гитара әндері кештің сәнін келтірді.
Кездесуге жас геологтар, жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысты. Бәлкім, өз мамандығына құмар осындай ерекше адамдармен кездесу, ертеңгі күні оқушылар арасында танымал геологтардың шығуына ықпал етер!

 Геология 5  Геология 9  Геология 2  Геология 6  Геология 1  Геология 8

Анықтама тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp