phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Әкем айтқан бір сөз» еске алу кеші

«Әкем айтқан бір сөз» еске алу кеші

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада көрнекті қаламгер, публицист, аудармашы, әдеби сыншы Дидахмет Әшімханұлын еске алуға арналған «Әкем айтқан бір сөз» атты тағылымды кеш өтті.

Рухани маңызы зор шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгердің жақындары мен әріптестері, жас оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым жиналды.
Кеш шымылдығы Катонқарағай табиғаты мен туған өлке туралы бейнероликпен ашылып, өнерпаз, қолөнер шебері Жауһаз Бабаханованың орындауындағы «Катон» әнімен жалғасты.
Кештің құрметті қонағы, жазушының ұлы Дәулет Дидахметұлы әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, қаламгердің отбасындағы бейнесі мен әдебиеттегі болмысы жайлы сыр шертті. Кеш барысында танымал әнші Айдын Алдархан әуезді әндер орындап, көрермен жүрегін елжіретті.
Одан бөлек қаламгердің өз дауысы жазылған фотоплеер көрсетіліп, жазушының рухани бейнесі шынайы сезілді. Сонымен қатар, әдебиетке қызығушылық танытып жүрген жастар да кешке белсенді қатысып, жүрекжарды арнауларын оқыды. Олардың қатарында С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті, жас ақын Алпамыс Нұрболат Біржанұлы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Идаятов Расул болды.
Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, жазушы, публицист Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Айтмұхамбет Қасымов сөз сөйлеп, қаламгердің әдебиеттегі орны, рухани мұрасы жайлы жылы лебіз білдірді.
Әдеби кеш қаламгердің сөзімен өрілген әсерлі әнмен түйінделіп, көрерменге терең толғаныс, рухани қуат сыйлады. Дидахмет Әшімханұлының шығармашылық мұрасы – бүгінгі және келер ұрпақ үшін сарқылмас рухани қазына екені тағы бір мәрте дәлелденді.

 Ashimhanov 16  Ashimhanov 3  Ashimhanov 4  Ashimhanov 7  Ashimhanov 9  Ashimhanov 15
 Ashimhanov 2  Ashimhanov 10  Ashimhanov 14  Ashimhanov 6  Ashimhanov 17  Ashimhanov 8
 Ashimhanov 1  Ashimhanov 13  Ashimhanov 5  Ashimhanov 11  Ashimhanov 12  Ashimhanov 20

Байланыс тел.: 26-13-33


 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp