phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Республика күні

Республика күні

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында оқырмандар мен кітапхана қонақтарына арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

13 қазаннан 5 қараша аралығында «Қазақстан – тәуелсіздік тұғыры» әдеби экспозициясы жұмыс істейді. Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.
18 қазан сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ұлттық дәстүр мен қолөнерді жаңғыртып, насихаттауға бағытталған «Шебердің қолы ортақ» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мұнда қаламыздың қолөнер шеберлерінің бірегей жұмыстары мен кәдесый өнімдері ұсынылады, олар өз шеберліктерімен бөлісіп, қолдан жасалған бұйымдарды жасаудың қыр-сыры туралы әңгімелейді.
20 қазан күні сағат 10.00-де жоғары сынып оқушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» Республика күніне арналған танымдық әдеби квест өтеді.
24 қазан сағат 15.00-де «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты әдеби-тарихи диктант өтеді. Диктант мәтініне XX ғасырдың 60-шы, 70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілтіп, тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш «Жас тұлпар» жастар ұйымының көшбасшыларының бірі, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толуына орай «Ділім» кітабынан үзінді алынды. Диктант кітапхананың екі алаңында, мемлекеттік және орыс тілдерінде қатар өтеді. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Мереке қарсаңында баршаңызды кітапханаға келіп, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге шақырамыз!

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp