phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Жыр алыбы – Жамбыл»: әдеби ревю

«Жыр алыбы – Жамбыл»: әдеби ревю

8 мамыр күні Өскемен қаласындағы Жамбыл саябағы аумағында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр алабы – Жамбыл» атты әдеби ревю өтті.

Тағылымды шара Жамбыл ескерткіші жанында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен жастар қауымын ұлттық поэзияның рухани әлемімен қауыштырды.
Іс-шараның басты мақсаты – Жамбыл Жабаевтың бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рух пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу болды.
Әдеби кеш барысында жүргізушілер ақынның өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның қазақ халық поэзиясындағы орны туралы мазмұнды мәліметтер ұсынды. Кеште Жамбылдың ақындық жолына бағыт берген Сүйінбай Аронұлы жайлы айтылып, жыр сабақтастығы мен ұлттық поэзия дәстүрі сөз болды.
Шара аясында қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, Жамбыл шығармашылығынан үзінділер орындады. Сонымен қатар, жас өнерпаздар арасында айтыс ұйымдастырылып, көрермендер қазақтың суырыпсалма өнерінің көркем үлгісіне куә болды. Домбыра үнімен көмкерілген әдеби кеш ұлттық рухты асқақтатып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.
Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармашылығына ерекше назар аударылды. Ақынның майдангерлерге рух берген жалынды жырлары оқылып, соғыс жылдарындағы ел бірлігі мен ерлік рухы кеңінен насихатталды.
Сондай-ақ, саябақ аумағында Жамбыл шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын кітаптары мен зерттеу еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Қала тұрғындары үшін поэтикалық квест өткізіліп, шығармашылық тапсырмалар орындады.
«Жыр алабы – Жамбыл» әдеби ревюі ұлттық әдебиетті ұлықтап, Жамбыл поэзиясының мәңгілік мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған тағылымды мәдени шара ретінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Zhambyl 1 Zhambyl 2 Zhambyl 3 Zhambyl 4 Zhambyl 5 Zhambyl 6 Zhambyl 7

 

Байланыс телефоны: +7 705 624 1725, Абылгазинова Г.


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp