Соғыстан кейінгі жылдары кітапхана тағы да көшуін жалғастырды. Оған Киров атындағы мектептің асханасы болған бөлме берілді. Л.С. Фадеева былай еске алады: « ... Кітаптарды бөлім бойынша іріктеп, жинап та үлгермедім, тағы бір тар, қолайсыз ғимаратқа көшуді ұсынды. Жарты жыл бойы кітаптар жиналмай жатты. Кейін сол суық, қоқырсыған залға орналастырдық. Көшу салдарынан көптеген кітаптар жоғалып, жыртылды. Оларды қалпына келтіруге жағдай болмады, шкаф пен стеллаждар да жоқ еді... Соңғы 2-3 жыл ішінде кітапхана қоры 5000-ға жуық бағалы кітапты жоғалтты...».
«Большевик Алтая» облыстық газеті 1946 жылы 1 ақпанда: «А.С.Пушкин атындағы кітапханаға ешкім аяқ баспайды. Тәулік бойы тұнған тыныштық.... Кітапхананың бар екендігін бәрі ұмытқан тәрізді. Қазіргі қыс мерзімінде кітапхана қызметін ешкім де пайдаланбайды. Және ол мәдениетті мекеме залына емес, қалған-құтқан қағаздар мен сынған жиһаз қоймасына ұқсайды. Бұған кім келеді?
Үлкен үстелде қалай болса солай «Ірі», «Кіші», «Техникалық» ... энциклопедиялардың жүздеген томы үйіліп жатты. Сары түспен сәнді түптелген томдар шаң басып жатты. Оларды қалпына келтіру жайлы әңгіме де жоқ еді...» деп жазды.
Баспа жарияланымдары қайткенмен әсер еткен болар. Бұдан кейін Мәдени ағартушылық мекеменің облыстық бөлімі аталған мәселені қолға алды. 1946 жылы 20 ақпанда газет беттерінде: «... облыстық және балалар кітапханаларына қолайлы ғимарат берілді, (Тоқтаров көшесі, 63) кітапханалар сонда 8 ақпаннан бастап қызмет атқарып жатыр» делінген.
Үлкен үстелде қалай болса солай «Ірі», «Кіші», «Техникалық» ... энциклопедиялардың жүздеген томы үйіліп жатты. Сары түспен сәнді түптелген томдар шаң басып жатты. Оларды қалпына келтіру жайлы әңгіме де жоқ еді...» деп жазды.
Баспа жарияланымдары қайткенмен әсер еткен болар. Бұдан кейін Мәдени ағартушылық мекеменің облыстық бөлімі аталған мәселені қолға алды. 1946 жылы 20 ақпанда газет беттерінде: «... облыстық және балалар кітапханаларына қолайлы ғимарат берілді, (Тоқтаров көшесі, 63) кітапханалар сонда 8 ақпаннан бастап қызмет атқарып жатыр» делінген.
Газет жарияланымын арнайы құжат дәлелдей түсті, ол – 1946 жылғы 9 қаңтардағы Өскемен қалалық еңбекшілер депутаты Қалалық кеңесінің: «Облыстық кітапхана жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында... балалар емханасы ғимаратына (Тоқтаров көшесі, 63) көшірілсін» деген шешімі еді.
Сонымен, кітапхана жаңа ғимаратта. Ол – бес бөлмелі ескі көпестік ғимарат, мұнда кітапхана 40 жылға жуық қызмет көрсетті.
Кітапхана қарқынды дамып, кәсіби кадрлар да пайда болды. Кітап қорын толықтыруға бөлінетін мемлекеттік бюджет жыл сайын артып отырды. 1941 жылы кітап қорын толықтыруға – 1680 руб. бөлінсе, 1950 жылы 5600 рубльге жеткен. Кітап қоры – 8 000 дананы құрады.
Ю.Ф.Шугрина естеліктерінде: «... Бұл қала зиялыларының өзіндік клубы мен кездесу орны болды. Сол кездері өткен көпшілік іс-шаралар хаттамаларына көз сала отырып, пединститут оқытушылары, дәрігерлер, инженерлер мен ұстаздардың конференциялардағы қызу пікір-таластарын байқай аламыз. Ал оларды басшылыққа алған, сұлу да керемет жан - Мария Петровна еді» деп жазылған.
1951 жылы кітапхана өзінің 55 жылдығын атап өтті. Кітапхананы – КСРО-ң еңбек сіңірген кітапханашысы, Мәскеу мәдениет институтының түлегі, кітапхана ісінің маманы, ұйымдастырушылық қасиеті басым, шешен әрі психолог - Смирнова Мария Петровна басқарды.
М.П.Смирнованың басшылығымен кітапхана облыстық дәрежеге жетті; оның құрылымы кеңейді – жаңа бөлімдер етек алды: анықтама-библиографиялық, әдістемелік, әдебиеттерді өңдеу және толықтыру, патент бөлімі, кітапханааралық абонемент, оқырман залы. Балалар әдебиеті бөлімі жеке балалар кітапханасына енгізілді. Кітапхана жоғары білікті мамандармен, кадрлармен қамтамасыз етілді. 1950 жылы кітапхана қажеттілігіне 56 000 рубль бөлінген. Кітап қоры 49 000 томды құрады. 1951 жылы оқырмандар саны – 6 000-ға жетті.
Бәрі де жақсы болды, тек Тоқтаров көшесіндегі ғимарат оқырмандар мен кітапханашылар көңілінен шықпады. Бұл мәселе жайлы сол кезеңнің мерзімді басылым беттерінде бірнеше мақала да жарық көрген еді. 1956 жылы кітапхана мәселелеріне байланысты екі жарияланым жарық көрді.
1959 жылы оқырман залы қоры Горький көшесіндегі, саудагер А.Б.Бобровтың дүкені болған ғимаратқа көшірілді.