phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Кітапхана тарихыБіздің кітапхана 1896 жылы 20 наурызда халыққа білім беру жөніндегі қамқорлық Қоғамының бастамасымен құрылды, оның құрамына алдыңғы қатарлы қалалықтар мен саяси жер аударылғандар кірді. Ол кезде кітапхана «Өскемен халықтық ақылы кітапхана-читальня» деп аталды. Сол кезден бастап, сол бір кезеңдегі кітаптардың титулды парағында кітапхана атауымен бірге «1896ж» штампы қойылған. Алғашқы кітап қоры Қоғам мүшелері Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов, Федоров, Вестениус және т.б. жеке кітаптарынан құрылды. Алғашқы кітапханашы облыстық Сауда банкінің бухгалтері П.Ф.Столбов болды. Кітапхана алғашында қалалық басқармада, сонан кейін Халық Үйіне көшірілді. (қазір облыстық Жамбыл ат. драма театры).

1914 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында кітапханада 2000 таяу кітап болды. Кітапхананы пайдалану үшін 50 теңге пұл – ақы алынғандықтан оқырмандар қатары шектеулі еді. 1920 жылы кітапхананың кітап қоры 5000 данаға дейін өсіп, пайдалану ақысыз болды. Осы жылдары кітапхана драма театрының екінші қабатындағы оқу залына, жаңа бөлмеге орналасты. Бұл жерде оқырмандарға 1936 ж. дейін қызмет көрсетілді. Қалалық газет 1920ж. 11 қарашада « Қалалық кітапханаға жазылушылар саны күннен – күнге өсуде» - деп жазып, Өскемен уезіндегі кітап тапшылығын атап көрсетті.
Біздің кітапханаға Александр Пушкин есімінің берілуіне қала қауымдастығы өтініш берген. 1937 жылы 19 тамызда Өскемен қалалық советінің президиумы қалалық кітапханаға ұлы ақын есімін тағайындауға қаулы қабылдады. Ал, екі жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысы Семейден бөлініп шыққаннан кейін, кітапханаға облыстық кітапхана статусы берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары кітапхана бірнеше мәрте бір жерден екінші жерге ауыстырылды, бірақ оның есігі оқырмандарға үнемі ашық болды. Тек 1983 жылы 29 желтоқсанда кітапхана қала орталығындағы қазіргі заманға сай әсем ғимаратқа келіп тұрақтады, күні бүгінге дейін өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.

Қазір біздің кітап коллекциямыз 400 мыңнан астам дананы құрайды. Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін - медиа және интернет ресурстарды, шет тіліндегі әдебиеттерді , энциклопедия, сөздіктер мен анықтамалықтар коллекцияларын, дәстүрдегі және электрондық тасымал құралдарын пайдалану мүмкіндігі бар. Кітапхананың көптеген жобалары халықаралық ұйымдармен және қорлармен серіктестік байланыста жүзеге асырылады: АҚШ, Франция, Германия Елшілігі, Ашық Қоғам Институты, «Евразия», «Сорос-Қазақстан» т.б. Біздің кітапхана - Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі ақпараттық және мәдени орталық.

Кітапхана жылнамасы толықтай...

 

Қосымша ақпарат қажет болса мына адреске хабарласыңыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. немесе тел.: 261-333.


Кітап пен оның оқырмандарына ескерткіштер

kniga_zhelan
Koran
pamjatnik-knige-omsk
pamjatnik-knige-kitaj
pamjatnik-knige-koshokton

 

Тағы да кітап ескерткіштері...

Aktobe chitatel-rostov Chitatel NZ

 

Тағы да кітап ескерткіштері...


Хроники читающего городаБиблионочь глазами гостей и участников. Читать...


4it rus29 мамырда "Өскемен - оқырман қала" жалпықалалық акциясы қалалықтар мен қала қонақтарын - үнемі және барлық жерде бірге кітап оқуға шақырды.

"Кітап – әлемге ашылған жол!" - ол баспа немесе электронды түрде болуы немесе болмауы маңызды емес, маңыздысы – ол біздің бәрімізді біріктірсе, біздің мүмкіндігімізді дамытса, жарқын істерге бастамашы болса - Акция лейтмотиві осындай.
"Кітаптағы білімсіз, жан-жақты даму мүмкін емес" - дейді біздің президентіміз Н.Ә. Назарбаев. "Өскемен – оқырман қала" акциясының бастамашысы - ШҚО Мәдениет басқарамасы. Мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың пікірінше, сауаттылық, білім мен мәдениет бүгінгі күні ерекше өзекті, ұлтымыздың бай және бақуатты тұрмысы соған байланысты.
Акция аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана түрлі ұрпақ кітап құмарларының, жас баладан кемел жасқа дейінгі адамдардың қызығуына жауап беретін ауқымды бағдарлама ұсынды. Кітапхана алды алаңында күні бойы жазғы оқу залы ашық жұмыс істеді. халықтың емін-еркін кітап оқуға, әдеби-көркем, танымдық және көпшілік журналдарды қарауға, аудио-, бейне-, CD дискілермен танысу мүмкіндігі болды. Мұнда "Адамзат игілігіне ұсынылған идеялар" хит-парады аясында 60-томдық "Нобелевские лекции на русском языке" басылымы, Нобель сыйлығы лауреаттары туралы және осы сыйлыққа ие болған жазушылардың шығармалары ұсынылды.
"Өскемен – оқырман қала", ол қандай? "Микрофон алдында" Александр Егоров, Борис Щербаков, Серік Ғабдуллин, Мүсілім Құмарбеков, Бақытжан Раисова және т. б. жерлес жазушылар, кітапқұмарлар өздерінің алғашқы кітаптары, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы әңгімеледі. Мерекеге қатысқан қонақтар өздері оқыған кітаптары жайында әңгімелеп, қызықты кітаптарды оқуға ұсынды, кітаптан шағын үзінділер оқыды. Сонымен бірге, кітапхана қазақстан жазушыларының шығармаларының ізімен түсірілген кинофильмдерді көруге шақырды.
Мерекелік акция Республика алаңындағы Абай ескерткішінің жанында жалғасты. Ұйымдастырушылар Қазақстан көшесі бойымен, А.С. Пушкин кітапханасынан Абай ескерткішіне дейін және кері қарай оқырмандар, Мадагаскар мультфильмі кейіпкерлерінің қатысуымен флеш моб өтіп, жастар қала халқын кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ мерекелік акцияға жол полициясының қызметкерлері араласты. Республика алаңында кітапханашылар мен Жол полициясының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін тоқтатып ақын-жазушылар еңбектерінен үзінділер оқып, өлеңді жалғастыр, кітаптың авторын тап деген сияқты викториналарға қатысып сыйлықтарға ие болды.
"Кітап ал, оқы!" буккроссингі орталық базар, батырлар аллеясы, Қазақтелеком, Республика алаңдарында кез келген адам алып оқуы үшін кітаптар қалдырылды. Буккроссинг тәртібі бойынша оқырман кітаптың орнына өз кітабын қалдыруы тиіс. Немесе алған кітапты оқығаннан кейін, оны басқалар оқуы үшін кез-келген қоғамдық орында (саябақ, дәмхана, автобекет ...) қалдыруы керек. Бұл кезде Абай және Пушкин ескерткіштері жанында, батырлар аллеясында әдеби саяхат өткізілді. Оған қатысушылар қазақ және орыс классиктерінің шығармашылығымен танысып, өз білімін тексереді, жаңа басылымдарды парақтап, таныс кітаптарымен қауышады.
"Өскемен – оқырман қала!" акциясына қала тұрғындары виртуалды қатысуға мүмкіндік алды. Кітапхана сайтында виртуалды сөре-көрмелер, көне басылымдар, бейнероликтер ұсынылған онлайн оқу залы ашылды. Онлайн оқу залы виртуалды оқырмандардан кітап оқуды ілгері жылжыту туралы идеялар, сүйікті кітаптары туралы қызықты ой-пікірлер мен түсініктемелер алуға үміттенеді.

 

Акциядан фоторепортаж
       

 

29 мамыр күні "Өскемен - оқырман қала 2013" акциясы аясында А.С. Пушкин кітапханасы 70-ке тарта кітапты оқырман қауымға ұсынды. Бұл – "буккроссинг" - "кітап айналысы" деп аталады. Бұл өзінше бір кітап клубы. Ол 2001 жылдан бері әрекет етіп, бүкіл әлем бойынша 500 000-нан астам қатысушыны қамтиды. Кітаптардың "саяхатын" бақылау біздің сайт арқылы жүзеге асады. Қаланың адам көп жүретін жерлеріне арнайы әзірленген кітаптары бар түрлі-түсті қораптар қойылды. Оқы! Пікіріңмен бөліс! Басқаға жеткіз!


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp