phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Таза Қазақстан – табиғатқа тағзым»: экотренинг

«Таза Қазақстан – табиғатқа тағзым»: экотренинг

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында кітапхана жастары мен қалалық волонтерлердің қатысуымен «Тазалық – Қазақстанның келбеті» атты шара өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы тек сенбілік жұмыстарымен шектелмейді, тазалық тақырыбын түрлі қызықты форматтар арқылы талқылауға болады.
Эко тренинг форматында өткен шараның мақсаты – жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеу.
Шара барысында жастарға экологиялық жағдаяттар ұсынылып, «Менің әрекетім» форматында өз ойлары мен шешімдерін ортаға салды. Ал «30 секунд – 1 ой» алаңында қатысушылар «Таза қала қандай болады?», «Мен табиғат үшін не істей аламын?», «Тазалық мәдениеті деген не?» сияқты тақырыптарда өз пікірлерін білдірді.
Экологиялық білімді ұлттық құндылықтармен сабақтастыру мақсатында табиғат пен тазалыққа қатысты мақал-мәтелдер айтылып, «Эко-пантомима», «Қоқысқа екінші өмір бер!» шығармашылық ойындары ұйымдастырылды. Қатысушылар күнделікті тұрмыстағы қалдық заттарды қайта пайдалану жолдарын ұсынып, пластик бөтелке, картон, газет, шыны банка сияқты заттарға қатысты өздерінің креативті идеяларын көрсетті.
Сонымен қатар жастар арасында эко-дебат өткізіліп, «Айыппұл мәдениетті қалыптастыра ала ма?» деген тақырып төңірегінде пікір алмасу болды. Ойындар ортасындағы «Сергіту сәттері» жастарға өте ұнады.
Шараның ең қызықты бөлімдерінің бірі – «Эко-челлендж». Қатысушылар қысқа уақыт ішінде «Таза Қазақстан – бұл...» және «Менің қалама жасайтын бір жақсылығым...», «Кітаптар патшалығында» тақырыптарында бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желі арқылы экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты.
Тазалық бір күндік науқан емес, әр адамның күнделікті мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінен басталады. «Таза Қазақстан» – таза ауладан ғана емес, таза ойдан, таза ниеттен және нақты әрекеттен басталады.

 Tabigat 1 Tabigat 2  Tabigat 3  Tabigat 5  Tabigat 4  Tabigat 7  Tabigat 8 

 


Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Кітап оқу мәдениеті бойынша ұлттық сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сіздің пікіріңіз Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін дамытуға, кітаптар мен кітапханалардың қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
✅ Сауалнама анонимді
‼️ 14 жастан асқан Қазақстан тұрғындары қатысады
? Төмендегі сілтемеге өтіп, өз пікіріңізді қалдырыңыз.
Қазақ тілінде https://forms.gle/u6HaM9GjAZKttMPj6


«Ауылдан Алматыға дейін»: шығармашылық кеш

«Ауылдан Алматыға дейін»: шығармашылық кеш

23 шілде күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Ауылдан Алматыға дейін» атты тағылымды шығармашылық кеші өтті. Шараның басты қонағы – Атырау өңірінің тумасы, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Шалқарбай Сайлаубайұлы Ізбасаров.


«Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесері

«Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесері

3 шілде күні кітапханада әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты.
Кештің шымылдығы Серік Бабахановтың сөзіне жазылған «Менің қос бәйтерегім» әнімен түрілді.


"Журналистика жүрек ісі" кездесу

"Журналистика жүрек ісі" кездесу

30 маусым күні кітапханада белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері, ақын Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті.


«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау және оларды одан әрі ынталандыру мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын  тағайындауға байқау басталғаны туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін 10 номинация бойынша лауреаттар анықталатын болады. Сыйлық туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1242087?lang=kk  сілтемесі арқылы орналастырылған.

Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 17 қыркүйек аралығы жүргізіледі. 

 


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp