phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

     «Құрбанғали Халидұлы мұрасы»: кітап таныстырылымы

    «Құрбанғали Халидұлы мұрасы»: кітап таныстырылымы

    19 қарашада сағат 15:00-де  кітапханада тарихшы, шығыстанушы, этнограф Құрбанғали Халидұлының өмірі мен еңбектеріне арналған «Құрбанғали Халидұлы мұрасы» атты кітап таныстырылымы өтеді.

    Танымдық іс-шараның мақсаты – ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын кеңінен таныстыру, тарихи зерттеулерінің маңызын түсіндіру, жас ұрпақтың ұлттық тарих пен өлкетануға деген қызығушылығын арттыру.
    Құрбанғали Халидұлы – қазақ және Шығыс халықтарының тарихын, этнографиясын, мәдениеті мен әдебиетін зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалым. Ол тарихи деректерді жинап, ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, шежірелік мәліметтерді және көзімен көрген оқиғаларды ғылыми еңбектеріне арқау еткен.
    Іс-шара барысында қатысушылар ғалымның өмір жолы, білім алуы, Шәуешек қаласындағы діни-ағартушылық қызметі және ғылыми ізденістері туралы мәлімет алады. Сонымен қатар оның қазақ және басқа да Шығыс халықтарының тарихына қатысты еңбектерімен танысады.
    Таныстырылымның негізгі бөлігі Құрбанғали Халидұлының «Тауарих-и хамса-и шарқи» атты көлемді тарихи еңбегіне арналады. 1910 жылы Қазан қаласындағы «Өрнек» баспасынан жарық көрген, 791 беттен тұратын бұл кітапта қазақ, ұйғыр, өзбек, моңғол және басқа халықтардың тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты құнды деректер қамтылған. Еңбек кейінгі зерттеушілер үшін де маңызды дереккөздердің бірі болып саналады.
    Сонымен қатар «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» атты ғылыми жинақ таныстырылады. Басылымда ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулер, библиографиялық мәліметтер, жас зерттеушілердің ізденістері және ғылыми конференция материалдары қамтылған. Жинақ ғалымның ғылыми мұрасын зерделеуге және оның еңбектерінің тарихи маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл кітаптың жарыққа шығуына тарихшының шөбересі Сафария Теңізбаева-Жалбағайтегі қаржылай демеушілік көрсеткен.
    Бұл іс-шара тарихи тұлғаның ғылыми мұрасын насихаттауға, ұлттық тарихқа құрметті арттыруға және жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.

    Анықтама тел: 26-13-33 (ішкі 123)


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp