Виртуалды анықтама қызметіне қош келдіңіз!
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Виртуалды анықтамалық қызметі кең ауқымды тақырыптар бойынша ақпарат іздеуге жедел әрі кәсіби көмек көрсетеді.
Сұраныстарға жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен интернет материалдарын пайдалану негізінде дайындалады.
Сіздердің сұрақтарыңызға демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жауап беруге дайынбыз.
Қажетті ақпаратты өз бетіңізше іздеу үшін кітапхананың электрондық каталогын пайдалана аласыз. Бұл қажетті мәліметтерді жылдам табуға және кітапхана қорындағы құжаттармен танысуға мүмкіндік береді.
Құжаттардың электрондық көшірмелеріне электрондық құжаттарды жеткізу (ЭҚЖ) қызметі арқылы тапсырыс беруге болады.
Виртуалды анықтама қызметі мынадай сұраныстарды қабылдамайды:
- дұрыс тұжырымдалмаған немесе жауап іздеуге қажетті ақпарат жеткіліксіз сұраныстарды;
- дайын рефераттар, курстық, дипломдық және басқа да жазбаша жұмыстарды орындауға қатысты сұраныстарды;
- математикалық, физикалық, химиялық және басқа да есептерді шығаруға қатысты сұраныстарды;
- ойын-сауық сипатындағы сұраныстарды (сөзжұмбақтарды шешу, зияткерлік ойындарға, викториналар мен байқауларға қатысу және т.б.);
- генеалогиялық және архивтік іздестіру жұмыстарын жүргізуді, архивтік құжаттар негізінде туыстық байланыстарды анықтауды, шежіре мен генеалогиялық ағаш құрастыруды талап ететін сұраныстарды;
- архивтік құжаттарды іздеуге, архивтік анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың көшірмелерін дайындауға байланысты сұраныстарды.
Генеалогиялық зерттеулер жүргізу, архивтік анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың көшірмелерін алу мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік архивтерге жүгінуді ұсынамыз.
Қажетті ақпаратты іздеуге көмектесуге және сұрақтарыңызға жауап беруге әрдайым қуаныштымыз!