phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесері

    «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні кітапханада әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты.
    Кештің шымылдығы Серік Бабахановтың сөзіне жазылған «Менің қос бәйтерегім» әнімен түрілді.


    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау және оларды одан әрі ынталандыру мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын  тағайындауға байқау басталғаны туралы хабарлайды.

    Ағымдағы жылдың аяғына дейін 10 номинация бойынша лауреаттар анықталатын болады. Сыйлық туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1242087?lang=kk  сілтемесі арқылы орналастырылған.

    Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 17 қыркүйек аралығы жүргізіледі. 

     


    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні сағат 10:00-де  кітапханамызда белгілі әнші, композитор Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтеді.

    Шара Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылып, қазақтың дәстүрлі ән өнері мен ұлттық мәдениетін дәріптеуге бағытталады. Кітапта автордың шығармашылық жолы, ән мұрасы, туған жерге, ұлттық құндылықтарға арналған туындылары мен өнердегі ізденістері кеңінен қамтылған.

    Серік Сұлтанғалиұлы – 1966 жылы 2 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданының Теріскей-Бөкенбай ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің музыка пәні мұғалімі мамандығын тәмамдағаннан кейін туған өлкесінде мәдениет саласында қызмет атқарып, Ақбұлақ, Сағыр ауылдарындағы мәдениет үйлерінде көркемдік жетекші, Өскемен қалалық мәдениет бөлімінде сырнайшы, облыстық филармонияда әнші болып еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы ұлттық мәдениетті дамытуға, қазақ ән өнерін насихаттауға және дәстүрлі музыкалық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге елеулі үлес қосып келеді. Композитор шығармалары туған жерге сүйіспеншілік, елдік рух, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық болмысты арқау етуімен ерекшеленеді. Оның әндері кең тынысты әуенімен, мазмұндық тереңдігімен және тәрбиелік мәнімен тыңдарман жүрегінен орын алған.

    Тұсаукесер кешіне қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілдері, өнер қайраткерлері мен мәдениет жанашырлары қатысады. Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкімән, әнші,  Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мәдениет қайраткері Ербол Айтпаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты Ерлан Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Клара Төленбаева, актер, шоумен Алмат Сақатов, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының төрағасы — белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Серікжан Әбдінұров және басқа да өнер майталмандары арнайы қонақ ретінде қатысып, шығармашылық лебіздерін білдіреді.

    Кеш барысында Серікбек Бабахановтың әндері орындалып, оның өнер жолы мен шығармашылық мұрасы туралы естеліктер айтылып, жаңа кітап оқырман қауымға таныстырылады. Сонымен қатар ұлттық ән өнерінің бүгінгі дамуы мен дәстүр сабақтастығы туралы пікір алмасу ұйымдастырылады.

    Ұйымдастырушылар өнерсүйер қауымды, зиялы қауым өкілдерін, шығармашылық жастарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аталған мәдени шараға қатысуға шақырады.


    «Бақытты ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті

    «Бақытты ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті

    2026 жылғы 8 маусым күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалымжан Есқараұлы Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.


    «Мен- Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» кездесу

    «Мен- Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» кездесу

    11 маусым күні кітапханада ақын, әнші, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызымен «Алтай – Алатау арасы...» атты шығармашылық кездесу өтті.


    «Қобыздың қоңыр үні»: Кітапханада Қарагөз Болатованың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

    «Қобыздың қоңыр үні»: Кітапханада Қарагөз Болатованың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

    29 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Шығыс өңірінен шыққан тұңғыш қобызшы, актриса, қолөнер шебері, Мәдениет саласының ардагері Қарагөз Әбдікеқызы Болатованың 80 жас мерейтойына арналған «Қобыздың қоңыр үні» атты тағылымды кездесу кеші өтті.


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp