1. Жалпы ақпарат
«Қазақтың Көкжал Барағы» әдеби және тарихи-танымдық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Көкжал Барақ Шүрекұлының есімін халыққа насихаттау үшін ұйымдастырылады. Абылай ханның қаһарман сарбазы, халқы көкжал атандырған, аты үш жүзге мәшһүр тарихи тұлға Көкжал Барақ Шүрекұлы – XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, қол бастаған батырлардың бірі.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
2.1 Елін, жерін қорғаған қазақ батырларының есімін ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау;
2.2 Жастар бойындағы отанды сүю қасиеттерін арттыруға ықпал ету, елдік пен ерлік рухына, қайсарлық қасиеттерге баулу;
2.3. Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға ықпал ету.
3. Сайысты ұйымдастырушылар, қатысушылар және өткізу мерзімі:
3.1. Байқауды ұйымдастырушы – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.
3.2 Байқауға ересек адамдармен қоса (жасы шектеусіз) мектеп оқушылары (9-шы сыныптан жоғары), жоғарғы және арнаулы орта білім ошақтарының студенттері қатыса алады;
3.3 Сайысқа қатысуға өтініш және шығармашылық туындылар 2023 жылдың 1 ақпанынан 1 мамырға дейін қабылданады;
3.4 Байқау ережесі кітапхананың https://pushkinlibrary.kz/ru/ сайтында және https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
4. Сайысты өткізу шарттары мен тәртібі:
4.1 Байқауға қатысушыр жайлы толық ақпарат көрсетілуі тиіс (аты-жөні, туған жылы, оқу орны немесе атқаратын қызметі, байланыс номері);
4.2 Қатысушы Көкжарлы Көкжал Бараққа арналған келесі жұмыстарды жібере алады:
- өзі шығарған өлең-жырлар;
- ел ішінен жиналған аңыз-әңгімелер;
- танымдық деректер;
- естеліктер;
- Батырға арналған өлкетану сабағының үлгісі (мұғалімдер үшін).
4.3 Байқауға қатысушылар өтініштерін және байқауға ұсынатын жұмыстарын 2023 жылдың 1 ақпанынан 1 мамырға дейін Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 үйде орналасқан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Тіркеу бөліміне тапсыруына немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошталарына «Байқауға» деген тақырыппен жіберуіне болады.
4.4 Жеңімпаздар https://pushkinlibrary.kz/ru/ сайтында және
https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
5. Қорытындылау және марапаттау:
5.1 Қатысушылардың жұмысы жас ерекшелігі бойынша, балдық жүйемен бағаланады;
5.2 Қазылар алқасы шығармалардың орфографиялық, стилистикалық және көркемдік ерекшеліктерін ескере отырып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды;
5.3 Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады;
5.4 Байқау нәтижесінде үздік болып танылған жұмыстар Көкжал Барақ батырға арналған электронды кітапқа енгізілетін болады;
5.5 Марапаттау рәсімі мамыр айындағы Батыр күні қарсаңында өткізіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан, 102. Пушкин кітапханасы
Байланыс телефондары:
Кемешева Меруерт: 87052819343
Абылгазинова Гүлбаршын: 87056241725