phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Наурыз жұлдызы

Наурыз жұлдызы

16 наурызда  А.С. Пушкин кітапханасында қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу және әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру мақсатымен «Наурыз жұлдызы» атты байқау өтті.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан байқауға «Жан сарайы» атты әйелдер клубының мүшелері қатысты. «Жан сарайы» клубы қаламыздағы зейнеткер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйелдердің басын қосады. Клуб мүшелері апта сайын бас қосып отырады.
Клубтың басты мақсаты: әйел адамның өмірдегі орны - ошақ басы, бала қасы ғана емес, әр әйел қоғамның белсенді мүшесі болуға лайықты екендігін дәлелдеу. Әрбір топ мүшесіне барынша қолдау көрсету, рухани дамуына атсалысу, пікір алмастыратын орта құру, шығармашылықтарын шыңдау. Әр отырысқа стилист, оратор, дәрігер, хореграф, вокалист сынды мамандарды кезекпен шақырып, дәрістер алып отырады.
«Наурыз жұлдызы» байқауы бірнеше кезеңнен тұрды, атап айтқанда:
- Өзін өзі таныстыру;
- «Өнерлі өрге жүзер»;
- Ұлттық тағам шебері;
- «Салтымды сынап біл» (сұрақтарға жауап беру).
Әйел адам жар, ана ғана емес, ол жақсылықтың жаршысы. Әр бала анасын үлгі тұтады. Сондықтан да «Наурыз жұлдызы» байқауы қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, оларды жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалануды көздейді. Қазақ халқы қашанда шеберлігімен, шешендігімен, «жақсы ән мен тәтті күйлерімен» ерекшеленетін. 

star 1 star 2 star 3 star 4 star 5 star 6
star 7 star 8 star 9 star 10 star 11 star 12

 

Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын,

тел. 87056241725


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp