phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Пушкин кітапханасы шақырады…»:  А. С. Пушкиннің 225 жылдығына арналған әдеби қонақжай

«Пушкин кітапханасы шақырады…»: А. С. Пушкиннің 225 жылдығына арналған әдеби қонақжай

6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлем әдебиетінің классигі, ұлы ақын, жазушы, өшпес туындылардың авторы – Александр Сергеевич Пушкиннің 225 жылдығына арналған мерекелік шара өткізді. 

Бұл күні дәстүрге сай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулдығы атынан ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, мереке түрлі іс-шаралармен жалғасты. Құрметті қонақтар қатарында  «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» жергілікті этно-мәдени қоғамдық бірлестігі өкілдері, «Звено Алтая» әдеби бірлестігі мүшелері мен жерлес зиялы қауым өкілдері бар.

Мереке күні кітапхана қонақтары Сирек қорда сақталған ақын өмірі мен шығармашылығына арналған «Пушкиниана топтамасы» және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлымен шығармашылық, рухани үндестігін айшықтайтын «Ұлылар үндестігі» интерактивті әдебиеттер экспозициясын тамашалап, «Пушкин – менікі, сенікі, біздікі...» әдеби бағдарламасына қатысты. Сондай-ақ, неғұрлым эрудициялы оқырмандар «Сіз 19-ғасырдың студенттік сленгін білесіз бе?», «Пушкиннің гастрономиялық құмарлықтары» атты зияткерлік ойындарға қатысып, «Өлеңді қалпына келтір» және «Сандар бойынша өлеңді құрастыр» атты жылдамдық сайыстарында күштерін сынады. 

Пушкин шығармашылығын сүйіп оқитын ең жас оқырмандар үшін «Буян аралы» шығармашылық шеберханасы жұмыс істеді. Ақынның мерейгер кітаптары – «История пугачевского бунта», «Сказка о золотом петушке», «Кавказский пленник» бойынша мерекеге қатысушылар арасында ойын-викторина ұйымдастырылып, белсенді қонақтар ынталандыру сыйлықтарына ие болады. Сондай-ақ, еркін микрофонда ақын өлеңдері оқылып, романстары шырқалды.

 Pushkin 225 4  Pushkin 225 17  Pushkin 225 10  Pushkin 225 8  Pushkin 225 6  Pushkin 225 2
 Pushkin 225 5  Pushkin 225 24  Pushkin 225 20  Pushkin 225 7  Pushkin 225 15  Pushkin 225 22
 Pushkin 225 14  Pushkin 225 18  Pushkin 225 21  Pushkin 225 9  Pushkin 225 12  Pushkin 225 23

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp