phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қуатты елдің жастары – кітаппен» пікірталас алаңы

«Қуатты елдің жастары – кітаппен» пікірталас алаңы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. Осы мерекеге орай 23 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «Қуатты елдің жастары – кітаппен» атты пікірталас алаңы өтті.

Шараға қаламыздағы «Төр Алтайдың әдеби әлемі», «Кітаппен өскен мен», «Кітап ал» әдеби-шығармашылық топтарынан белсенді, кітапсүйер жастары қатысты. Басты мақсат: жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.

Шараның шымылдығын қаламыздағы белгілі балалар жазушысы Күлмай Сембайқызы ашып, кітап оқудың пайдасы және кітаптың маңыздылығы туралы айтып өтті. «Аманат» партиясының Жастар рухы Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық төрағасы Тугамбаева Қорлан Төлеубековна сөз сөйлеп, кітап оқу туралы пікірін ортаға салды.

Шара барысында жергілікті жас қаламгерлер және кітапсүйер жастар Қ.Дүргінбай, С.Қуанғанұлы, Ә.Әуезхан, Р.Асқарұлы, А.Досханұлы өздерінің өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары жайында ой бөлісті. Отбасымен кітап оқитын кітапхананың белсенді оқырмандары Манарбекұлы Шыңғыс пен Ардаққызы Шырын баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болатынын айтып өтті.

Олар «Кітап оқуды қай форматта қалайсыз?», «Қандай жанрларды оқыған ұнайды?», «Сіз кітап таңдау кезінде кімнің ұсыныстарын  пайдаланасыз?», «Сіз кітапты  қандай мақсатпен оқисыз?», «Кітап оқу мәдениеті» деген сұрақтарды көпшілікпен бірге талқылады.

Шарада әдемі әндер шырқалып, тыңдармандар үшін викториналық сұрақтар ойнатылды. Шара қонақтарына кітапхана атынан сыйға кітап берілді.

 IMG 8377  IMG 8389  IMG 8360  IMG 8538  IMG 8435 IMG 8423 

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp