phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Кітапхананың жаңа атауы мен мәртебесі

    1936 жылы ғана қалалық кітапхана қонысын өзгертті. Ол Театральная (қазіргі Тоқтаров) көшесінде орналасқан бес бөлмелі ескі көпестік ғимаратқа көшірілді. Ғимараттағы қиындық пен қолайсыздыққа қарамастан азаматтар кітапханаға зор ілтипатпен қарады.
    Қоғам мен қаланың белсенді оқырмандары А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында оның есімін мәңгі есте сақтау мақсатымен кітапханаға ақынның есімін беруді жергілікті қала басшыларынан өтінді.
    1937 жыл 19 тамыздағы №17 Хаттама
    Өскемен Қалалық Кеңесі Президиумының отырысы
    Тыңдалды:Жұмысшылар ұжымы мен Қалалық кітапхананың белсенді оқырмандарының Қалалық кітапханаға А.С.Пушкин есімін беру туралы арызы.

    Қаулы етті:Өтініш қабылдансын. Қалалық кітапханаға А.С.Пушкин есімі берілсін. Қалалық Кеңес пленумына аталған шешімді бекіту өтінілсін.

    1939 жылы қалалық кітапхана мәртебесіне түбегейлі өзгеріс енгізген тағы бір шешім қабылданды. Шығыс Қазақстан облысының Семейден жеке бөлінуіне байланысты, А.С.Пушкин атындағы кітапхана облыстық  болып жарияланды. Осы сәттен бастап  оның қызмет ауқымы да кеңейе түсті. Ол облыстың басты кітап сақтау орны әрі ірі әдістемелік орталыққа айналды. 
     
    1939 жыл 19 желтоқсандағы №11 Хаттама
    Ұйымдастыру Комитетінің отырысы
    Шығыс Қазақстан облысы бойынша КСРО Жоғары Кеңесі Президиумдары
    Өскемен қаласы
     
    Қаулы етті:  Қалалық кітапхананың тар, қолайсыз ғимаратта  әрі орталықтан қашықта орналасып, қала тұрғындарын қанағаттандырмауын  ескере отырып ұйымдастыру комитеті қаулы етеді:
    Қалалық кітапхана бос тұрған өзінің бұрынғы, яғни Қалалық театр ғимаратына (екінші қабат) көшірілсін.

    1939 жыл 28 желтоқсандағы №11 Хаттама
    Ұйымдастыру Комитетінің отырысы
    Шығыс Қазақстан облысы бойынша КСРО Жоғары Кеңесі Президиумдары
    Өскемен қаласы
     
    Қаулы етті: Ильигорская ханымға тәулік көлемінде кітапхананы даярлап, Қалалық театр ғимаратына көшіру міндеттелсін... кітапхананы көшіріп, орналастыруға көмек берілсін.
     

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp