phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Archive

«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов»:  әдеби кеш

«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов»: әдеби кеш

Қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты жастар арасындағы әдеби кеш қыркүйектің 23 күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өтті.

Ахмет Байтұрсынов – қазақтың мықты ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 - ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Кеш барысында ұлт ұстазының тар қапастағы өмірін бейнелеген көріністі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» студенттер театры сомдады.
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеу мақсатында жастармен ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары туралы кеңінен баяндады. Кеш Ахмет Байтұрсынұлының өз дауысымен жазылған «Соңғы хат» толғауын оқырманымыз Тілеубай Мұхаметтің домбырамен әуелетіп шырқауымен басталды. «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжнің аға оқытушысы білікті ұстаз Оқасова Ғалия Тұрысбековна сөз сөйлеп, ғалымның өмірбаяны мен еңбектері туралы тың деректермен бөлісті. Оқырман жастар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре көркемдеп жеткізсе, Серік Іңкәр ақынның «Екі –жирен» әнін орындады.
Іс-шараға келген жастарға ғалымның шығармашылығынан викторина сұрақтар қойылып, қазіргі жастардың Ахмет туралы қаншалықты білетіні сынады. Әдеби кешті Балғын Жекен қызы ақынның «Аққұм» әнімен аяқтады. Сонымен қатар, «Ұлтымыздың ұлықты ұстазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.

 

littr1 5 littr1 1 littr1 3 littr1 4 littr1 2


Байланысшы: Құдайбергенова Н.К. 


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp