26 қаңтарда «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық: Интернет архитектурасы» атты өте қызықты тақырыпта вебинар өтті. Бұл Қазақстан кітапханашыларының кәсіби дамуын қолдау мақсатында ұйымдастырылған екінші вебинар, ол қазіргі заманның өзекті тақырыбы – медиасауаттылыққа бағытталған.
Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мәдени және білім беру бағдарламалары бюросының «Американдық бұрыштар» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Жобаның серіктесі – Американдық кітапханалар қауымдастығы, оның мүшелері вебинар спикерлері болып табылады. Бұл вебинардың спикері Наташа Кейси – Макгилл университетінің коммуникациялық зерттеулер саласы бойынша ғылым докторы (Монреаль, Квебек, Канада), Линкольн Лэнд Қоғамдық колледжінің коммуникациялар жөніндегі профессоры (Спрингфилд қ., Иллинойс, АҚШ) және медиа білім беру факультетінің оқытушысы болды (Род-Айленд университеті, Провиденс қ., АҚШ).
Спикер заманауи технологиялардың пайдасы мен қатар қауіп-қатерлері де бар екендігі жайлы айтты, мысалы, браузер бағдарламалары пайдаланушы қандай веб-сайттарға кірді, қандай сұрақтарға қызығушылық танытты, онлайн маркетте қандай өнімдерді қарағандығы туралы ақпаратты автоматты түрде жинайды. Интернетте ақпаратты іздеу барысында да біздің көзқарасымыз байқалады, мысалы, іздеу жүйелері пайдаланушы тапқан ақпарат нәтижелерін сүзгіден өткізіп, оны көзқарасына сәйкес келмейтін ақпараттан оқшаулайды. Бұл бағытта спикер осы тәуекелдерді азайтуға бағытталған ұсыныстармен бөлісіп, әрқайсымыз медиасауаттылық дағдысын өмір бойы дамытуымыз керек екендігін айтты.
Медиасауаттылық – 21 ғасырдағы адамның маңызды құзыреттерінің бірі. Бүгінгі таңда біздің кез-келгеніміз қандай да бір жарияланымның, суреттің немесе тіпті блог пен вебсайттың авторы бола аламыз. Жазылған ақпарат әрқашан автордың құзыретіне, оны интернет пайдаланушыларға жариялау немесе басқа авторлардың дереккөздерімен бөлісу мақсаттарымен байланысты болады. Сондықтан Желінің әрбір пайдаланушысы ақпараттық технологиялардың қалай жұмыс істейтіні, ақпараттық гигиена дегеніміз не, сыни ойлауды қалай дамыту керектігі туралы білімді меңгеруі керек. Біздің ақпаратты талдау, жалғанды шындықтан ажырату, манипуляцияны, жалған ақпаратты (дезинформация), жасырын үгіт-насихатты анықтау қабілеттеріміз бен дағдыларымыз бізге шындықты барабар көруге, дамуға, сауатты қарым-қатынас жасауға, ішкі және сыртқы әлемді сақтауға мүмкіндік береді.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасы (https://www.pushkinlibrary.kz/) «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен іске асырылады. Барлық вебинарлар Zoom платформасында өткізіледі және көпшілік кітапханалардың өкілдері мен Астана және Алматыдағы Ұлттық кітапханалардың мамандары, сондай-ақ ЖОО кітапханалары қауымдастығының мүшелері, республикамыздың түкпір-түкпірінен мектептер мен колледждердің кітапханашылары қатысады. Вебинардың мемлекеттік және орыс тілдеріне синхронды аудармасы қамтамасыз етілген. Вебинарлардың бейнежазбалары ұйымдастырушының Ютуб арнасында ұсынылған – https://www.youtube.com/user/VKOBP.
Байланысшы: Бибигул Шагиева, +7 777 382 6724