phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Зұлмат жылдар елесі»

«Зұлмат жылдар елесі»

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Зұлмат жылдар елесі» атты әдебиеттер көрмесі жасақталды.

Кітап көрмесінде қазақ халқының тарихындағы ең қасіретті жылдар – 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңін суреттеп, баяндайтын түрлі басылымдар, зерттеу материалдары, құжаттар мен көркем әдеби шығармалар ұсынылған.
Ашаршылық нәубетінің қайғылы себеп-салдары «1928-1934 қазақ ауылының қасіреті», Т. Омарбековтың «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті» еңбегінде, В. Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» деректі шығармасында толық суреттелген. Ал 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін М.Қ. Қойгелдиевтің редакциясымен жарық көрген «Красный террор: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихынан» жинағында, «Сталин: 1937-38 ату тізімі», «1937-1938 жылдардағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін», «1930-35 жылдардағы жер аудару тарихынан» еңбектерінде ұсынылған.
Көрменің бір бөлімі өз елінің азат болашағы үшін күрес жолында «Үлкен террордың» құрсауына ілініп, «халық жауы», «ұлтшыл» атанған Алашордашыларға арналады: Қазақстанның ғылыми және әдеби қоғамдастығының пікірінше Алаш қозғалысы туралы үздік кітап деп танылған Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным-Алаш!", Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қызметін тұңғыш рет мұрағат құжаттары, фактілерге сүйене отырып қайта жаңғыртқан Сұлтан Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерін жоқшысы» екі томдық жинағы, Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімі туралы бай мұрағаттық материалдар берілген «Шығыс Алаш орда» кітабы, ғылыми-мәдени құндылықтар мен тәуелсіздіктің рухани негізін ашып, мұра еткен әкелі-балалы Мұхамедхан Сейітқұлов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған кітаптар т.б. басылымдар. Карлаг лагерінде айдауда болған саяси қуғын-сүргін құрбандары – қылқалам шеберлерінің туындылары топтастырылған «Карлагтың қара қарындашымен...» еңбегі де оқырманның ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы. Көрмеге Алаш қайраткерінің «Ақ жол», «Қазағым, елім» және т.б. кітаптары қойылды.
Репрессияланған қазақстандықтардың балаларының естеліктерінен құралған «Жоқтау» жинағынан нәубеттен аман қалған куәгерлердің оқиғаларын көруге болады.
Көрмеден қуғын-сүргін жылдарының Шығыс Қазақстан өлкесіне әсері жайлы еңбектерді де табуға болады. «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» кітабында ұсынылған мұрағаттық құжаттарда Шығыс Қазақстан қазақтарының Қытайға көшуі егжей-тегжейлі суреттелсе, «Книга скорби» кітабында алғаш рет саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының тізімі жарияланған.
Баршаңызды тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен сыр шертетін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp