phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Ұлыларды ұлықтаймыз

Ұлыларды ұлықтаймыз

Биылғы жылы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл, Кербұғы болмыс жазушы, драматург, журналист, Катонқарағай ауданының тумасы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл, белгілі балалар жазушысы, Ханс Кристиан Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері, Зайсан ауданының тумасы Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл толып отыр. Осы атаулы күндерге орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жасөспірімдер арасында командалық сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты ұлы тұлғаларымызды жас ұрпаққа дәріптеу, шығармашылығын насихаттаумен қатар жастардың бойындағы отанды сүю қасиеттерін арттыруға ықпал ету. Рухани құндылықтарымызды насихаттай отыра оқушылар мен жастар арасында шығармашылық ізденісті жандандыру болатын.
Шара барысында команда капитандары арасында интеллектуалды ойын, мерейтой иелерінің өмірі мен шығармашылығына арналған, алдын-ала дайындаған бейнероликтерді қорғау, сайыскерлердің аталған ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын қаншалықты білетінін тексеруге арналған сұрақ-жауап бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сайыста үздік деп танылған алты команда бақ сынады. Солардың ішінде: Абай атындағы гуманитарлық колледжінен келген «Самұрық» командасы I орынды иеленсе, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының» оқушылары II-орынды, «№49 жалпы білім беретін мектебі» ІII-орынды иеленді. Ал, «Абай атындағы №33-орта мектебі» КММ, «О.Бөкей атындағы №44 лицейінен» келген командалар қатысқандары үшін алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаларға арнайы диплом, кубок, сыйлықтар табысталды.
Сайыс соңында қатысушылар атаулы ұлы тұлғаларға арнаған өз өлеңдерін ортаға салып, патриоттық әндер шырқады.
Барлық қатысушыларға кітапханамыздың атынан үлкен алғыс білдіреміз.
Бүгінгі іс-шараны өз деңгейінде өткізе отырып, сәл де болса жастардың санасына ұлы тұлғалар туралы құндылықтарды жеткізе алдық деп ойлаймыз.

ulylar 1 ulylar 2 ulylar 3 ulylar 4 ulylar 5 ulylar 6
ulylar 7 ulylar 9 ulylar 8 ulylar 10 ulylar 11 ulylar 12

Байланыс тел.: 261-333 (119)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp