phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Пушкин Қазақстанда»:  ақынның Қазақстанға келгеніне 190 жыл (1833 ж.)

«Пушкин Қазақстанда»: ақынның Қазақстанға келгеніне 190 жыл (1833 ж.)

6 маусым, Пушкин күні, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлемге әйгілі ұлы тұлғаның жарқын талантына табынатын барша қонақтарды ақын құрметіне арналған мерекеге шақырады.

Таңертеңнен бастап кітапхана алдындағы алаңда Пушкин дәуірінің музыкасы аясында әдеби көрме ұйымдастырылып, сонымен қатар танымдық викториналар мен квесттер өткізіледі.

Мерекенің лейтмотиві – ақынның Қазақстанға келгеніне 190 жыл толуымен байланысты. 1833 жылы Пушкин «История Пугачевского бунта» мен «Капитанская дочка» повесіне материалдар жинаған. Ол архивтерде көп жұмыс істеп, тарихқа үңілді, шығысқа қарай, сол кезең жаңғырығын сақтаған далаға қарай бет алды. Пушкин Оралда қыркүйек айында тек екі-ақ күн болған. Бірақ осы уақыт ішінде ол таңқаларлық көп дүниеге қол жеткізген. Пушкиннің Қазақстанға жасаған шығармашылық сапарының нәтижелері туралы «Ұлылар үндестігі: Абай мен Пушкин» және «Пушкиниана топтамасы» әдеби экспозицияларының материалдары баяндайды.

Сағат 11.00-де кітапхана алдындағы алаңда Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі «Бәрімізге ортақ Пушкин...» мерекелік бағдарламасының бастауы болмақ. Поэтикалық микрофоннан Пушкиннің ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай тілдеріндегі өлеңдерін тыңдап, өзіңіз де ақынның сүйікті лирикалық шығармаларын оқып, тіпті арнауыңызды оқуға болады. Шығыс Қазақстан Орыс мәдени орталығы ұжымы мереке қонақтары үшін ән шашу ұсынады.

Виртуалды оқырмандарды кітапхана сайтындағы «Абай және Пушкин» көрмесімен танысуға шақырамыз http://pushkinlibrary.kz. Аталған көрме қос данышпан жазушының шығармашылық жақындығы мен рухани туыстығын ашып, А. С. Пушкинді данышпан Абайдың қалай шексіз құрмет тұтқанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, назарларыңызға «Слова давно минувших дней» атты Пушкиннің шығармаларында кездесетін ескірген сөздердің (архаизмдер мен тарихи сөздер) мағыналарын білуге арналған онлайн викторинасы ұсыналады. 

Пушкин жаны – қашан да мәңгілік. Уақыттың өзге қатал заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп, өзінің соны сипаттарын әркез және баршаға бірдей ашып, жаңара бермек.

 

 

Байланысшы: Ашкенова Ж.С.

тел.: 261-333 (ішкі 119)

 

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp