phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Тәуелсіз елдің тұғыры»: әдеби-тарихи диктант

«Тәуелсіз елдің тұғыры»: әдеби-тарихи диктант

24 қазанда А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты әдеби-тарихи диктант өтті.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-ші қазанды «Республика күні» ретінде бекітті. Нақтырақ айтсақ, елімізде 13 жылдан кейін Президент Жарлығымен 25-қазанға Республика күні ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Республика күні жай мереке емес, халқымыздың сан ғасырлық азаттық үшін күресінің жемісі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Аталмыш мерекенің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу тарихында маңызы зор, мәні терең. Бұл барша қазақстандықтар арасында ұлттық рухты, халықтың бірлігін, ынтымақтастықты нығайта түсетін мереке. Мерекеге орай ұйымдастырылған диктант мәтініне XX ғасырдың 60-шы, 70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілтіп, тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш «Жас тұлпар» жастар ұйымының көшбасшыларының бірі, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толуына орай «Ділім» кітабынан үзінді алынды. 
Сапақов Ерсұлтан, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 1 курс студенті: 
- Бүгінгі шарадан біздің халқымыздың тарихына байланысты тың деректер алдым. Өз Отанымызды сүюге, қастерлеуге, ең алдымен өз елiмiздегi ынтымақты одан ары нығайту бәрiмiздiң қасиеттi парызымыз екенін түсіндім.
Елдосова Іңкәр, № 14 орта мектебінің оқушысы: 
- Сонау алпысыншы жылдары Мұрат Әуезовтің «Жас тұлпар» ұйымын ұйымдастырушылардың бірі болғанын білдім.
Серікқызы Сая, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 1 курс студенті: 
- Мұрат Әуезовтің «Жас тұлпар» ұйымына келуiне өткенiңдi ұмытпа, елiңдi, жерiңдi, тарихыңды бiл деген әкесі Мұхтар Әуезовтің өсиеті әсер еткендігі біздің бойымызда ұлттық сана-сезiмнiң қалыптасуына зор ықпалын тигізді.
Диктантта үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломмен марапатталды.
diktant 1 diktant 5 diktant 6 diktant 7 diktant 8 diktant 9
 
 Байланыс тел.: 261-333 (123)

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp