phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Жыл үздігі – 2023»: мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімінің сыйлығын тапсыру

«Жыл үздігі – 2023»: мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімінің сыйлығын тапсыру

28 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік және мемлекеттік емес мәдениет ұйымдары арасында «Жыл үздігі – 2023» жүлдесін салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Сыйлық лауреаттарын «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы бастаған арнайы конкурстық комиссия анықтады.
Құзыретті комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл үздігі - 2023» сыйлығының жеңімпаздары болып төмендегі ұйымдар анықталды:
1) «Шығыс Қазақстан облысының үздік музейі» номинациясына – ШҚО мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК;
2) «Шығыс Қазақстан облысының үздік театр труппасы» номинациясына – облыстық драма театрының жастар труппасы;
3) «Шығыс Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымы» номинациясына екі жеңімпаз анықталды – ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК-ның ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі мен ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерті» КМҚК-ның «Алтай» халық би ансамблі;
4) «Шығыс Қазақстан облысының үздік кітапханасы» номинациясына да екі жеңімпаз анықталды – ШҚО мәдениет басқармасының «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ;
5) «Шығыс Қазақстан облысының үздік әлеуметтік жобасы» номинациясына – «St.ART» жеке әлеуметтік-мәдени қоры, жетекшісі – Станислав Владимирович Цих.

Облыстың мәдениет саласын дамытуға үлес қосып жүрген барлық әріптестерімізді  лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

uzdik 1 uzdik 2 uzdik 3

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp