phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Ақ қанат арман ақ құсым» кездесу

«Ақ қанат арман ақ құсым» кездесу

30 қыркүйекте, сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Дайырбаев Ермек Тұрсынұлымен кездесу өтеді.

Ермек Дайырбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылында дүниеге келген.  

С.Аманжолов атындағы ШҚУ филолог мамандығы, Қазақ Американ  Еркін Университетінің заңтану мамандығы түлегі.

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің 3 дүркін лауреаты. Бірнеше облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың, «Ұлы Дала-2021» ресубликалық байқауының лауреаты, ақын А.Ибраев, Т.Нұқайұлы атындағы және ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы және тағы да басқа арнаулы сыйлықтардың  иегері.

«Шабыт», «Қос қанат», «Жас қалам», «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Алтай әуендері», «Алтайым алтын бесігім», «Абай сериясы» кітаптар топтамалары «Кешір ұрпақ өскелең» сынды оннан астам ортақ жинақ кітаптарға өлеңдері енген. 2018 жылы «Көкжиегімнің көктемі» жыр жинағы жарық көрген.

Өлеңдері мен шығармалары әр жылдары «Аягөз жаңалықтары», «Дидар», «Шығыс үні», «Тіл мен Діл», «Ұлан», «Қазақ әдбеиеті», «Жас Алаш», «Ана тілі», «Ұстаз», «Қазақстан мектебі» газеттері,  «Ақ Ертіс-Иртыш», «Жұлдыз», «Жалын», «Таңшолпан» «Қазақстан әйелдері» журналдарында, тағы да басқа басылымдарда жарияланған. «Абай», «Ұлт», «Әдебиет» порталдарында шығармалар жинағы жарық көрген.

Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі». Аягөз аудандық Мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты. Қазіргі таңда «Аягөз жаңалықтары» аудандық газетінің Бас редакторы.

Ермек Тұрсынұлы өлкемізге танымал ақын Серік Ғабдуллаұлының шәкірті, ақын ағамыз Өскемен қаласында құрған «Шабыт» ақындар мектебінің түлегі. Бүгінде қызмет бабымен әдеби ортадан шалғай жүрсе де, жүрек сырын қалам ұшында әлдилеп, өлең-жырды жанына серік қылған Ермектің өлеңдері өзгеше, оқырманын бірден баурап алатын қасиеті бар.

Құрметті өлеңсүйер қауым, Ермек Дайырбаевпен болатын жыр кешін тамашалап, поэзия тыңдауға шақырамыз!


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp