Амангелді Жанахмет Кітапқа журналист, жазушы Амангелді Жанахметтің Дәулетбай батыр ұрпағының шежіресі енген. Соны мен қатар журналистердің, ақын-жазушылардың мақалалары, эссе мен жыр-дастандары, зерттеулер топ тастырылған. |
Дина Мұхамедхан
Ұстаз бен шәкірт Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов қуғын-сүргіннің қайғылы жылдарында қазақ халқының ғылыми-мәдени мұрасын сақтап қалды. Ұстаз бен шәкірт, аға мен іні, екеуі - бірліктің символы. Зерттеулер мен бірегей материалдар ақиқат тарихының маңызды кезеңдерін түсініп-білуге көмек теседі.
|
Нұрлан Мәукенұлы Өмірден ерте кеткен ақынның таза лирикалық өлеңдері топтастырылды. «Өмір сүрдім, өле сүйдім» деп ақынның айтқанындай, ол өмір де сүре білді, өмірді жырлай да білді, өмірмен бірге өлеңді сүйе де білді... Тіпті өзі сүйген өмірмен қоштаса да білді.
Ақынның нәзік те тегеурінді лирикасы көп те емес, аз да емес, дер шағында қатқа түскен саз дүние. Оған артына қалдырған осы бір мұрасы дәлел. |
Нұрмахан Оразбек Қаламгер, аудармашы Нұрмахан Оразбектің республикалық басылымдардағы мақалалар мен қатар, журналистік жолындағы аудандық, облыстық газеттерде жарияланған материалдары, аудармалары жинақталған.
|
Өтеш Қырғызбаев Кітап ұлттық шертпе күйөнерінің шебері Сүгір Әліұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Созақ өңіріндегі күйшінің ұрпағы мен жақындарының естеліктері, ел арасындағы аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар арқау болған.
|
Шарафат Жылқыбаева Автор кітапта көне жапон мен байырғы көшпенділердің ұлттық тілі мен руханиятындағы үндестіктерді талдаған. Күн шығыс елін әрқырынан көрсететін танымдық публицистикалық мақалалары енген.
|
|
Зорлық-зомбылықсыз әлем
04 Желт