16 ақпан күні кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық поэзия академиясының Академигі, "QUNDAQ" қоғамдық қорының директоры Ербол Бейілханмен кездесу өтті.
Ақынмен кездесуге әдебиетсүйер қауым, ақын-жазушылар, студенттер қатысты. Қонақтар автормен жүздесіп, «Шабыт» студенттер театры өлеңінен қойылым ұсынып, поэзия патшалығына саяхат жасады.
Ербол Бимұратұлы 1974 жылы МХР-дың Бай-Өлке аймағы, Қызылқайың сұмыны, Үш Ойғыр елді мекенінде, Бесбоғда деген биік таудың етегінде дүниеге келген.
1983-1986 жылдары Көкмойнақ бастауыш мектебінде, 1986-1991 жылдары Қызылқайың орта мектебінде, 1991-1992 жылдары Өлгей қаласындағы Кәсіптік білім беру техникумында «Ағаш шеберлігі» мамандығы бойынша білім алған.
1993-1998 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің филология факультетін, 2002-2004 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті саласы бойынша магистрлік акедемиялық дәрежесі оқуын бітірген.
«Жас толқын», «Бай бесік тұмалары», «Астана-жыршуағым», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Баян-Өлгейден балғын жыр», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Тілтолғау» жыр жинақтары мен республикалық көптеген газет-журналдар мен сайттарда өлеңдері жарық көрген.
«Әжімсіз жүрек…», «Маралоты», «Мәжнүнтал», «Құсқанаты» атты төрт кітаптың және «Біз екеуміз» атты өлеңдер аудио дискісінің авторы.
Шығармалары түрік, әзербайжан, испан, француз, орыс, қырғыз, өзбек, монғол тілдеріне аударылған.
Баян-Өлгей қаласының мәслихатының шешімімен 2015 жылы «Қызылқайың өлкесінің мәртебелі азаматы» төсбелгісімен марапатталған.
Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгімен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Тәуелсіздік 30 жыл» медальмен марапатталған.
Ербол Бимұратұлы Алтайдың арғы бетіндегі қаймағы бұзылмаған қазақы болмыс-бітімнің құнарын бойына сіңірген ақын. Қазақ ақынжанды халық, өлең қазақтың жаны.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)