«Меня манит далёкая звезда…»: ақын әрі жазушы Алина Тайгамен шығармашылық кездесу
20 ақпан сағат 15:00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Ресей Жазушылар одағының мүшесі, беделді әдеби байқаулар мен әдеби сыйлықтардың лауреаты әрі жеңімпазы, ақын, жазушы Алина Тайгамен (Галина Николаевна Михайлина) шығармашылық кездесу өтеді.
«Меня манит далёкая звезда…» кездесу атауы – автордың өлең жолынан алынған, бұл өз мақсатына жету жолын, ішкі жан дүниені сезіну мен сөзге адалдықтың символы.
Кездесу барысында Алина Тайганың автор ретінде қалыптасуы, оның әдеби жобалары, поэзия мен прозаның әлемді түсінудегі рөлі туралы әңгіме болады. Сондай-ақ, оның шығармашылығының Қазақстан мен шет ел оқырмандарының жүрегінен қандай орын алатыны сөз болады. Кездесуде өлең жолдары мен прозалық үзінділер оқылып, туған жер тақырыбы, жазушының жауапкершілігі, адамның табиғатпен қарым-қатынасы және сөз құдіреті мәселелері қозғалады.
Алина Тайга 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер) дүниеге келген. Музыкалық білім алған, Өскемен қаласындағы музыкалық училищені тәмамдаған және музыка мұғалімі болып жұмыс істеген. Балалық шағынан әдебиетпен айналысады, соңғы жылдары 1500-ден астам туынды жазған, олар: өлеңдер, поэмалар, өлең мен прозадағы әңгімелер, сондай-ақ, балаларға арналған «По мотивам Лукоморья» ертегілер циклі.
Алина Тайга - көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы, олардың ішінде: Петров ғылым және өнер академиясының байқауы (2020), «Алтайдың алтын қаламы» (2023); сондай-ақ «Золотое перо Руси» әдеби сыйлығының лауреаты (2024 – проза, 2025 – поэзия). Ол Риддер қаласының «Рудный Алтай жазушылары» әдеби бірлестігінің және «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі. Алина Тайганың шығармашылығы «Ностальгия» телеарнасының эфирінде Владимир Глазуновтың «Рождённые в СССР» бағдарламасында кең аудиторияға ұсынылған. Кездесу барысында автор өзінің поэзиясы мен прозасының бағытын жалғастырып, отбасы, табиғат және адамгершілік қатынастар тақырыбын қозғайтын «Перелётная птица», «Алхимия притяжения», «Милкины были» және «Берёз хмельные соки» атты жаңа кітаптарын таныстырады.
Жазушы әдеби-ағартушылық қызметпен белсенді айналысады: Риддерде ол әдеби салон құрды, Климент Первушин мен Михаил Немцев атындағы қалалық мектепаралық оқырмандар байқауын өткізеді, пікірлестердің «Әдеби сөз» чаты жұмыс істейді.
Қатысуға барлық әдебиет пен сөз құдіретін түсінетін әуесқойлар шақырылады. Кіру ақысыз.
Байланыс телефоны: 261-333 (Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы)



























