phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі»

«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі»

15 наурыз күні  А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Қазақ аналары: дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан филиалының аналарымен «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты дөңгелек үстел өтті.

«Қазақ аналары: дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі қазақ аналарына ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыздың озығын үйретіп, тәлім-тәрбиенің өзегін насихаттау мақсатында құрылған. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде бұл ұйымның филиалдары ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Олардың қатарында қоғамдық бірлестіктің Нұрия Темірханова жетекшілік ететін Шығыс Қазақстандық филиалы да бар.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз. Алқалы басқосуға Өскемен қаласы полиция басқармасының сақшылары, колледж студенттері, әр санаттағы кітапхана оқырмандары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртуға атсалысу. Шара барысында ежелгі ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері туралы әңгіме өрбіді. Аға буын өкілдері, аналарымыз ұмытылған дәстүрлерді, ұлтық құндылықтарды жаңарту туралы өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.

analar 1 analar 2 analar 3 analar 4

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp