phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

KitapTime-2023

KitapTime-2023

2023 жылғы 15 қыркүйекте А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «KitapTime-2023» II республикалық кітап фестивалі қонақтарын аса көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

Кітап фестивалі идеясы өткен жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасынан бастау алған болатын. Бұқаралық акция қазақ әдебиетін насихаттауға, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтауға, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Кітапханадағы «KitapTime-2023» бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты басталды. Ең жас кітапхана пайдаланушылары үшін мерекелік күн шытырман оқиғалы ойыннан бастау алды.  Балалар қазақ халық ертегілері кейіпкерлерімен бірге квест ойынын қызыға ойнады. Олар өздеріне берілген кеңестерге сүйене отырып, қазақ аңыздары мен мифтерін білуді талап ететін сұрақтарға жауап іздеді. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары өздерінің актерлік шеберліктері мен би өнерін көрсетуге, мақал-мәтелдерге арналған блиц-батлда күш сынасуға мүмкіндік алды.

Жасөспірімдер арасында кітап пен оқуды насихаттауға арналған «Оқу шеберханасы» тренингі өте көңілді өтті. Оқушылар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады: кітап үзінділерінен көріністер қойды, детектив, фантастика, қызықты оқиға  жанрындағы болашақ кітаптары үшін сюжеттер ойлап тапты т.б.

Сағат 14.00-де фестивальдің жастар аудиториясы атақты қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлымен кездесуге жиналды. Оның «Жағың сынса да, сағың сынбасын» кітабының тұсаукесерінде балалардың аты аңызға айналған спортшымен емен-жарқын әңгімелесуге, оған қызықтырған сұрақтарын қойып, боксшының үлкен жетістіктері арқылы өздері де алға ұмтылып, ынталануға мүмкіндік алды.

Фестиваль аясында оқырмандар үшін «Отбасы – отанымыздың алтын діңгегі» атты интерактивті кітап көрмесі ұсынылды. Мұнда отбасымен оқуға арналған әдебиеттерді таңдап қана қоймай, қазақ авторларының көркем шығармаларын білуге арналған әдеби викторина сұрақтарына жауап беруге де болады.

Кешке барлық ниет білдірушілер кітап сүйер қауымға арналған «Между строк» клубының жаңа маусымының ашылуына қатысты. Кітап клубы классикамен қатар, әдеби жаңалықтарды, кітап челлендждерін және басқа да көптеген қызықты жанрларды талқылауға ұсынады.

Фестиваль соңында АҚШ-та оқуын жалғастырғысы келетін жастардың барлығы кітапхананың MakerSpace алаңына жиналды. Семинар-тренингте студенттер АҚШ оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптар, визалық талаптар, АҚШ-тағы студенттік өмір және т. б. туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.

Бүгінгі күн жылдам өте шықты. Фестиваль шынымен де сәтті өтті және бізде әрқашан жаңашылдыққа құмар, армандары мен алға қойған мақсаттарына жетуге, өзін дамытуға ұмтылатын және ең бастысы – кітап оқуға дайын керемет жастардың бар екенін көрсетті!

 KitapTime2023 1  KitapTime2023 3  KitapTime2023 11  KitapTime2023 4  KitapTime2023 12
 KitapTime2023 6  KitapTime2023 7  IMG 4316  Айдос Е 9  Айдос Е 18
         

Байланыс тел.: 26-13-33 ішкі 119


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp