phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Чори Аваз: Сөзі мәңгілік ақын»

«Чори Аваз: Сөзі мәңгілік ақын»

15 мамыр күні сағат 11.00-де  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Өзбекстанның көрнекті ақыны Чори Аваздың рухына арналған «Çorï Avaz: Sözi mäñgilik aqın» / «Чори Аваз: Сөзі мәңгілік ақын» атты әдеби еске алу кеші ұйымдастырылады.

Кештің басты қонағы – ақынның өмірлік жары, қаламдас серігі Зебо Омонова болады. Ол кеш барысында ақынның отбасы, шығармашылық өмірі мен поэзиядағы рухани ізденістері туралы әсерлі естеліктерімен бөліседі.

Шараның шынайы рухани өрісін кеңейткен қонақтар қатарында:

  • Келдиёр Хужайеров, «Fаvvora» киностудиясының жетекшісі, «Чори Аваз дауысының жасыл жолы» атты деректі фильмімен бөліссе;
  • Сәлім Ашур, Ақын, Өзбекстан жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын жайлы естеліктерімен бөліседі.

Бұл кеште ақынның жалғасындай болған, жыр мұрасын жүрегімен сақтап, сөз өнерін ұрпақтан ұрпаққа жалғайтын перзенттері де бой көрсетеді:

  • Зульфия атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Гүли Нигор Авазова «Әкем туралы естелік» атты әсерлі шығармасымен бөліссе,
  • Немересі Мехри Нигор атасына арнаған өлеңдері мен Чори Аваздың жырларын тебірене оқиды.

Кештің мазмұны қазақ және өзбек әдебиетінің рухани үндестігін, ұлттар арасындағы достықтың жыр арқылы жалғасатынын көрсетеді. Ақынның қазақ халқына арналған өлеңдері мен рухани байланыстары да сөз болады.

Бұл әдеби кездесу – өзбек поэзиясының біртуар тұлғасы Чори Аваздың мұрасын қастерлеу ғана емес, сонымен қатар, ұлттар арасындағы мәдени байланыстарды тереңдете түсетін тағылымды шара болмақ.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp