phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Бақытты ананың өмір белестері

Бақытты ананың өмір белестері

Қазанның 1 - і - халықаралық қарттар күніне орай   27 қыркүйек күні біздің кітапханада "Өмірімнің белестері" атты ерекше кітаптың тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы өзінің бес баласымен қатар мыңдаған балаға өнегелі тәрбие берген ұлағатты ұстаз - Қапима Қалқанқызы. Зейнеткерлікке шыққан ұстаз-ананың басты хоббиі –жазу.

Сексеннің сеңгіріне шыққан автордың «Өмір белестері» жинағы бір қарағанда қарапайым отбасының тыныс-тіршілігі сияқты. Ал кітап бетін ақтара келе Кеңес  Одағы аталған алып мемлекетке өмір сүріп, еңбек еткен жас отбасының өнегелі өмірі, қызметі мен замандастарының тыныс –тіршілігі,  келешекке деген сенімі баяндалады.

Ұстаз, ана, әже, ақылшы дос, парасат иесі –кітап авторына қай теңеуді арнаса да жарасып тұр. Келбеті, сөзі, іс-әрекеті, бір –біріне үйлескен, адамды бір көргеннен өзіне баурап алатын ақжарқын жанның жас ұрпаққа берер өнегесі көп. Сөйлесе келе өмірге деген құштарлығың артып, күш-жігерің таси түсетінін байқайсың!

 Өмірімнің белестері 3  Өмірімнің белестері 6  Өмірімнің белестері 2  Өмірімнің белестері 7  Өмірімнің белестері 8  Өмірімнің белестері 9
 Өмірімнің белестері 10  Өмірімнің белестері 13  Өмірімнің белестері 11  Өмірімнің белестері 12  Өмірімнің белестері 5  Өмірімнің белестері 14

 


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp