phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу»: онлайн кездесу

«Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу»: онлайн кездесу

5 маусым күні, сағ. 11.00-де философия ғылымдарының кандидаты, белгілі абайтанушы Омаров Асан Қайырбекұлымен «Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу» тақырыбында ZOOM - платформасында онлайн кездесу өтеді.

Асан Омаров - абайтануға адал қызмет етіп келе жатқан бірегей ғалымдардың бірі. Ол 1951 жылы Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Бөденелі ауылында дүниеге келген. Абайтанушы ғалымның айтуынша, Абайды тұлға ретінде тану, шығармаларының хронологиясын реттеу, қарасөздерін қалпына келтіру маңызды. Басты мәселе – Абайдың әр сөзіне қарапайым тілмен түсінік беру.
Қаламгердің Абайтануға қатысты еңбектері өз алдына бір төбе. «Бүгінгі абайтану», «Абай: ашылмай келген қырлары», «Абай шығармаларының хронологиясы», Абай шығармаларының екі томдық жинағы. «Абайша жаңа үлгідегі басылым» және «Абай жетілуінің саты-сатылары» атты кітаптары әр жылдары баспадан шықты.
Абайдың асыл мұраты, басты ұстанымы – әділдік, ізгілік, адалдық. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған шарада ширек ғасыр Абай ілімін зерттеп жүрген Асан Омаров ұлы ақыннын әділеттілік туралы іліміне тоқталады. Абайдың қара қылды қақ жарып сөйлейтін турашылдығын, дау-шарларда, сияздарда өзі барыстай, тілі мірдің оғындай атылатын ер мінезін, әділдікті арқау еткен шығармаларын, ақынның ел біле бермейтін адами болмысын әңгімеге арқау етпекші.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және «Хақ жолы осы» деп әділетті, - деп жырлаған Абай атамыздың шығармашылығына үңілгіңіз келсе, тікелей эфирге қосылыңыз!

Тікелей эфир барысында абайтанушы ғалымға тікелей сұрақ қойып, өз пікірлеріңізбен бөлісуге болады.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp