phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Қаһарман Қасым: ерлік пен елдік шежіресі»   әдеби кездесу

«Қаһарман Қасым: ерлік пен елдік шежіресі» әдеби кездесу

23 шілде күні сағат 14:00-де кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші-публицист Нұразхан Еркін Ыбрайымұлымен  «Қаһарман Қасым: ерлік пен елдік шежіресі» атты әдеби кездесу өтеді. Кездесуде  қаламгердің «Қаһарман Қасым» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтеді.

Еркін Нұразхан 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңғызтал (қазіргі Жетіарал) ауылында дүниеге келген. Ол қазақ бейнелеу өнерінде карикатура, шарж (достық  әзілді портрет) жанрының қалыптасып, дамуына өзіндік қолтаңбасын қосқан, бүгінде танымал көшбасшысы саналатын белгілі суретші ғана емес, публицистикада өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер. 2000–2006 жылдары Қасым Қайсеновтің жеке хатшысы болып қызмет атқарған. Жазушының жанында жүріп жазып алған естеліктері мен өмірлік әңгімелері осы кітапта көрініс тапқан.

Бұл жинақ - ХХ ғасырдағы ерен ерлік иесі, даңқты партизан-жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің көркем де шынайы бейнесін сомдайтын деректі жазбалар мен заманауи публицистиканың үлгісіне айналған мақалалардың топтамасы.

Кітапта Қасым Қайсеновтің ерлік жолдары, ел үшін жасаған еңбегі жайлы тың деректермен қатар, жұбайы Асылхан Қабышқызының жазбалары да қамтылған. Автор батыр бейнесін көп қырынан танытып, көркем тілмен жеткізген. Бұл шығарма - кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық рухани қазына. Таныстырылым – тарих пен тағылымның тоғысқан сәті!

Баршаңызды тағылымды шараға қатысуға шақырамыз!


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp