8 наурыз көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Қазіргі әлемдегі мейірімділік» тақырыбында өз күшімен жетістікке жеткен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуде келген нәзік жандылар бүкіл өмірімен, шығармашылығымен «мүмкіндігі шектеулі адам» анықтамасы оларға қатысты емес екенін дәлелдеген жандар. Олар: Амирова Майнур – «Ақниет» мектеп-интернатының қосымша білім беру пәнінің мұғалімі, есту қабілеті шектеулі 3 топтағы мүгедек, Ибраева Индира – кәсіби тігінші, 3 топтағы мүгедек, Маржан Абдрахманова – жұмыспен қамту орталығынан жіберілген кітапхана қызметкері, "Прикоснись к прекрасному" үйірмесін жүргізеді, 2 топтағы мүгедек, Нұрмұхамбетова Венера – кәсіби аспаздық наубайшы, 1 топтағы мүгедек, Мергембаева Әсем – зағип және нашар көретін азаматтарға арналған цифрлық дағдылар мұғалімі, сонымен қатар, Ализе Пуффи жібімен тоқыма тоқуды үйретеді, көру қабілеті шектеулі 1 топтағы мүгедек, Ізекова Гүлфира, кітапхана қызметкері - «Алтын оймақ» үйірмесін жүргізеді, 2 топтағы мүгедек, Федоренко Екатерина - үстел теннисінен спорт шебері, изолоннан сәндік дизайн жасау бойынша суретші, 1 топтағы мүгедек.
Кездесуде қолжетімді орта, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, шығармашылық даму мүмкіндіктері тағы басқа мәселелер көтерілді.
Дөңгелек үстелге ШҚО Қоғамдық кеңесінің Мүгедектердің құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Кузовлева Ольга Григорьевна қатысып, қатысушылармен бірге ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерін қозғайтын мәселелерді талқылады.
Бүгінгі кездесуге келген қонақтар адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеді.
Байланыс тел.: 261-333