phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    "Өр Алтайдың Асқары": кездесу

    "Өр Алтайдың Асқары": кездесу

     9 желтоқсан күні сағат 14:00-де кітапханада «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында көрнекті жазушы, әдебиет сыншысы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Асқар Алтаймен шығармашылық кездесу өтеді.

    Зайсан өңірінде туып, балалық шағын Марқакөл, Күршім, Катонқарағайдың тұмса табиғаты аясында өткізген қаламгер туған жердің тарихы мен адам болмысын шығармашылығының алтын арқауына айналдырған. Серік Қирабаев, Мұхтар Мағауин сынды алыптардан тәлім алған жазушының «Алтайдың ал қызыл модағайы», «Туажат», «Аза» романдары мен «Қызыл бөлтірік», «Қара бура» повестері оқырманның жоғары бағасын алған. Ал «Дегелеңдегі жарылыс», «Прописка», «Кентавр» әңгімелері мектеп және ЖОО бағдарламаларына еніп, туындылары Ұлыбритания мен түркітілдес елдерде жарық көрген.

    Кездесу барысында қаламгердің шығармашылық жолы, туған жер тақырыбы және бүгінгі қазақ прозасының өзекті мәселелері сөз болады.

    Құрметті әдебиетсүйер қауым, жерлес қаламгермен өтетін тағылымды жүздесуге шақырамыз!

    Байланыс тел.: 87056241725


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp