«Кітап оқитын ұлт – зерделі ұрпақ» кездесу
10 желтоқсан күні, сағат 14.00-де кітапханада «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында «Кітап оқитын ұлт – зерделі ұрпақ: ұлттық мақсат, ортақ міндет, бірегей бағыт» атты маңызды кездесу ұйымдастырылады.
Іс-шараның басты қонағы — Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапханалар одағының төрағасы Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева.
Кездесудің басты мақсаты — қоғамда оқу мәдениетін ілгерілету, «Оқитын ұлт» қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бастамаларды жүзеге асырудағы кітапханалардың стратегиялық рөлін айқындау, сондай-ақ республикалық және өңірлік кітапханалар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуды нығайту.
Жиын барысында қарастырылатын негізгі бағыттар:
- «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын іске асыру тетіктері мен кітапхана ісін жаңғырту;
- Жастарды кітап оқуға тартудың заманауи әдістері мен креативті жобалар;
- Кітапхана саласындағы цифрлық трансформация, қорларды цифрландыру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
- Өңірлік және ауылдық кітапханалардың әлеуетін арттыру бойынша ортақ міндеттер.
Шараға облыстың кітапхана саласының мамандары қатысады. Кездесу ашық пікірталас форматында өтіп, қатысушылар спикерге өз сұрақтарын қоя алады.
Байланыс телефоны: 26-13-33 (119)








