phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Император»  сауда  орталығындағы "НАУРЫЗ" акциясы

«Император» сауда орталығындағы "НАУРЫЗ" акциясы

Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы "Император" сауда үйімен бірлесіп мерекелік шара ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама ән-шашумен басталып, ақ тілек батамен жалғасты. Сауда үйіне келушілер «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» әдебиеттер көрмесімен танысып, викториналық ойындарға қатысты. Қала тұрғындары оюлы қоржында жасырылған сөзжұмбақтар мен қызықты сұрақтарға белсенді жауап беріп, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Кітапханашылар сонымен бірге кітапхананың шеберлер мектебі мамандарының қолынан шыққан ұлттық нақыштағы тақия, қазіргі кезде сәнге айналған қол дорба (шоппер) сияқты қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесін ұсынды. Мереке соңында «Император» сауда үйінің қызметкерлері келген барлық қонақтарға бауырсақ, құрт, тәтті тағамдарды таратты. Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған шара өте қызықты өтті. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамын бірлесіп өткізуге ат салысқан "Император" СҮ қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.
«Тілектер ағаштың» қасында адамдар өздерінің армандарын тілеп, ырым жасаған. Балалар Квивер қосымшасы арқылы (3 Д анимация) суреттерді «жандандырды», планшеттерге сурет салды.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


imperator 1 imp imperator 3 imperator 4 imperator 5 imperator 6
imperator 7 imperator 9 imperator 10 imperator 11 imperator 12 imperator 13

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp