phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті

«Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында  "Жас кәсіпкер" жобасының алғашқы маусымы сәтті аяқталды.

28 сәуір -29 тамыз аралығында өткен бұл курс «Оқы және дамы/ Учись и развивайся»  жазғы академиясы аясында  жүзеге асты.

Төрт айдың ішінде 10-15 жас аралығындағы оқырмандарымыз «табысқа жету үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап ретінде қажетті білім мен дағдыларды игере отырып, бизнес әлеміне еніп кетті.

Жобаның мақсаты - жас қатысушыларға кәсіпкерлік туралы базалық білім беру, оларды кәсіпкерлерге тән ойлауға үйрету. Курс -  шығармашылық ойлау сабақтары, шешім қабылдауға арналған тренингтер, өзіне деген сенімділік сабақтары, тіпті тәуекелге бару қабілетін дамытатын мотивациялық тренингтерден тұратын қызықты әрі мазмұнды бағдарламаны қамтыды.

Кәсіпкерлікті басқару бойынша: кәсіпорынды қалай құру керек, отбасының кірісі мен шығысының құрылымы, қалталы ақша, уақытты босқа кетіру, жақын және ұзақ мерзімді жоспарлар, қаржылық ойындар тақырыптары қамтылды.

Курс соңынан қатысушылар  өз идеяларын, шығармашылықтары мен алған білімдері мен дағдыларын көрсетіп "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында жобаларын қорғап, «Оқы және дамы» жазғы академиясына қатысқанын растайтын сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

«Жас кәсіпкер» жобасын сәтті жүзеге асырған  «ICE» халықаралық білім беру Орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA), стратегиялық жаттықтырушы, 30 жылдан астам тәжірибесі бар бизнес-тренер -  Елена Анатольевна Колос.

Елена Анатольевна: «Біз балаларға тек білім ғана емес, сонымен қатар өз мансабын құруға қажетті позитив беруге тырыстық. Жобаға қатысу нәтижесінде балалар тәжірибе жинақтап, шешім қабылдауға, өз-өзіне сенімді болуға және тәуекелге барудан қорықпауға үйренді. Бұл кез келген бизнес үшін, оның ішінде болашақ кәсіп үшін де өте маңызды қасиеттер».

«Жас кәсіпкер» жобасы жай ғана жазғы демалыс емес, болашаққа инвестиция. Жобаға қатысқан мектеп оқушылары тек білім ғана емес, сонымен қатар болашақ өмірде және мансапта одан әрі табысқа жетуге мотивация алды. Осының барлығы жас бизнесмендердің орталығына айналған А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өтті. 

 Fin. gramotnost 1  Fin. gramotnost 5  Fin. gramotnost 2  Fin. gramotnost 4  Fin. gramotnost 7  Fin. gramotnost 6

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp