phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдеби көрме

«Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдеби көрме

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі Республика күніне арналған «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры» атты әдеби интерактивті көрмеге шақырады.

Бұл ерекше күнде біз азаттық пен ұлттық бірліктің маңыздылығын дәріптеп, тәуелсіздіктің рухын ұлықтайтын боламыз.
Кітаптар 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің түрлі салаларында, саясатта, экономикада, мәдениетте, өнерде қандай өзгерістер болғанын баяндайды. Көрме екінші қабаттағы фойеде орналасқан және 20-31 қазан аралығында ашылады.
Көрмеден еліміздің тәуелсіздік тарихына арналған жаңа әдебиеттер С. Әкімбековтың «Дала тарихы», Е.Ораздың «Ұлы дала хандары» мемлекеттік рәміздер және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы баяндамалар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы», Е. Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», сондай-ақ, сіздер Республика дамуының қазіргі заманғы шындығын көрсететін Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі», «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.» кітаптарымен таныса аласыздар.
Бұл іс-шара – өткенімізді еске алып, болашаққа сеніммен қадам жасауға шақыратын мүмкіндік. Жастарға патриоттық тәрбие беру мен отаншылдық сезімін қалыптастыруға бағытталған бағдарламамызға баршаңызды шақырамыз!

 

Байланыс тел.: 26-33-33

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp