20 қыркүйек күні «KitapTime - 2024» жалпы республикалық акциясы аясында А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында кітап фестивалі өтті.
Фестиваль жыл сайын Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен өтеді.
«KitapTime - 2024» фестивалінің мақсаты – кітап оқу мәртебесін көтеру, жалпы әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тарту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Фестиваль аясында кітапханада «Аты есімде жоқ, кітап қызыл түсті болған…»: кітап көрмесінің интерактивті форматы тұрақты оқырмандарымызға сүйікті кітабы туралы айтып беруге мүмкіндік берді.
Психолог Марина Давыдова ата-аналарымен әңгімелесу барысында балаларды оқуға қалай тартуға болатынын және қазір балалар мен жасөспірімдерге қандай заманауи кітаптар қызықты болатынын айтты.
«Сүйікті кітабыммен селфи» акциясында оқырмандар өздері оқыған қызықты кітаптарымен бөліссе «Кітаппен қызықты кездесу» BOOK DAYы оқырмандарға жаңа ашулар мен ерекше сезімдер мен қуаныш сыйлады.
«Мен сүйген жыр...» жыр кешінде жас ақын Расул Асқарұлы өз шығармашылығынан поэзия оқып, қазіргі әдебиет туралы, өзінің шығармашылығы мен хоббиі туралы пікірлерімен бөлісіп, замандастарын қызықтырған сауалдарға жауап берді. Барша қонақтарымызға кітап мерекесі ерекше көңіл-күй сыйлады.
Байланыс тел.: 26-13-33 ішкі 119