phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

4 қазан күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық қарттар күніне орай Нұрмұхамедов Әлібек Нұрмұхамедұлымен кездесу өтеді.

Қарттарды құрметтеу бабаларымыздан жалғасқан ата дәстүріміз. Шараның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлт руханияты үшін тер төккен, киелі білім ордасында сүбелі еңбек еткен аға буын өкілдерінің ғибратты әңгімесін тыңдау, жастарға үлгі көрсету.
Әлібек Нұрмұхамедұлы 1941 жылы 2 ақпанда Тарбағатай ауданы, Жанаталап ауылында дүниеге келген. 1958-1963 жылдар аралығында Өскемен қаласында Педагогикалық институттың химия-биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып, тәмәмдаған.
Әлібек аға 50 жыл еңбек өтілі бар ардагер ұстаз. 1965 жылы Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында, Абай атындағы орта мектебіне химия пәні мұғалімі болып орналасып, осы жылы аудандық оқу бөліміне инспекторлық қызметке тағайындалды. 1967-1972 жыл аралығында Шілікті орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып, 1972-1974 жылдары Байтоғас толық емес орта мектебінде директорлық қызмет атқарды. 1974 жылдан 1983 жылға дейін Тарбағатай совхозы партия комитетінің секретарі болып қызмет істеді. 1983-1985 жылдары Қазақстан совхозында Ақынов Қабден атындағы орта мектебінің директоры, 1985 жылы Тұғыл ауылында Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің директоры және 1986-2006 жылдар аралығында Құйған ауылында «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы орта мектепте директорлық қызмет атқарған. Бүгінде 83 жастағы зейнеткер.
Әлібек Нұрмұхамедұлы Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Халықаралық «Қабанбай» қорының және «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Нұрмұхамедов Әлібек аға бүгінгі таңда қаламыздың Жібек маталар комбинаты ауданының ардагерлер кеңесін басқарады. Бұл ақсақалдар алқасы келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беру мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болып талай игілікті істер атқаруда.
Шараға кітапхана оқырмандары, қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысады деп күтілуде.
Келіңіздер! Баршаңызды кітапханада күтеміз!

Байланыс тел.: 261333


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp