2024 жылғы 16-17 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында облыстың ауылдық өңірлерінің кітапханашыларының қатысуымен «Кітапханалардың заманауи даму тенденциялары» семинар-практикумы өтті.
Кәсіби кездесу бағдарламасы кітапхана жұмысының түрлі өзекті мәселелерін қарастырды. Кітапханалық өлкетану тақырыбы талқыланып, мұнда «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» (https://anyz.pushkinlibrary.kz) интернет-порталда қолданылған креативті тәсілдерге назар аударылды. Тағы бір мысал «В поисках неизведанного» өлкетану экспедициялары мен «Кітапханадағы қымызхана» жобаларын сәтті жүзеге асырып жүрген Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының тәжірибесі болды. Оның жаңашылдығы – бұл қоршаған әлемді жаңа эмоциялар мен түстермен тануға мүмкіндік беретін иммерсивті серуендеу.
Семинарға қатысушылардың «Сөредегі инновация: нейрожелілер кітапхана жұмысында» секциясы ерекше қызығушылық танытты. Тренинг барысында олар нейрондық желілермен тікелей жұмыс істей алды және «тірі» көрмелер мен басқа да шығармашылық бағдарламалар жасау үшін олардың мүмкіндіктерін көре алды.
«Семинардың 2 күнінде мен өзім үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білдім, әсіресе нейрондық желілерді құру маған ұнады. Осындай білімі үшін үлкен рахмет айтқым келеді», – деді семинар қатысушыларының бірі, Секисовка ауылдық кітапхананың қызметкері Кабылина Ксения Алексеевна.
Семинардың екінші күні ауылдық кітапханашылар Аctionbound мобильді қосымшасы негізінде жасалған интерактивті квесттер мысалында кітап пен оқуды насихаттаудағы инновациялармен танысты.
Жеке сессия цифрлық дәуірдегі кітапхана жұмысының маңызды құрамдас бөлігі ретінде медиасауаттылыққа арналды. Медиасауаттылықты оқыту кітапхана сабақтарымен байланысты, бірақ қазіргі кезде халықты жалған ақпараттан аулақ болуға және адамдардың материалдық және рухани әл-ауқатын сақтауға көмектесетін сенімді ақпаратты сапалы іздеуге үйрету керек.
Сондай–ақ, кәсіби ой-өрісін кеңейту үшін жыл сайын Дүниежүзілік кітапхана конгресін өткізетін Халықаралық кітапханалар федерациясы мен ИФЛА қауымдастығы (IFLA) - әлемдік кітапхана көшбасшысы туралы ақпарат пайдалы болды. Алдағы 2025 жылы Орталық Азияда тұңғыш рет Бүкіләлемдік кітапхана конгресі елімізде, Астанада өтеді.
Семинар тренингтен кейінгі жұмыстармен және кері байланыс сессиясымен аяқталды, бұл қатысушыларға «Мен бөліскім келеді» форматында алған білімдерін талқылауға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік берді. Кәсіби кездесу тәжірибе алмасу және кітапханашыларды қызметтің жаңа деңгейіне шабыттандыру үшін тамаша алаң болды.
Байланыс тел.: 261333