phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қаһарман қыз – Сәбира»  облыстық байқауы

«Қаһарман қыз – Сәбира» облыстық байқауы

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен «Jeltoqsan-86» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуған-сүргін құрбандарын атап өту күніне орай, қаһарман қазақ қызы, желтоқсан көтерілісінің құрбаны, Тарбағатай ауданының құрметті азаматшасы Сәбира Мұхамеджанованы еске алуға арналған  «Қаһарман қыз – Сәбира»  облыстық байқауы өткізіледі.

Байқауға қатысуға өтініштер және шығармашылық жұмыстар 2025 жылдың 1 сәуір - 1 мамыр  аралығында қабылданады.

Шараның мақсаты еліміздің Тәуелсіздігінің бастауы болған Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, жерлесіміз Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызының есімін ұлықтау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, патриоттық  рухты қалыптастыруға ықпал ету, желтоқсан құрбандарын  еске алу.

Байқауға мектеп оқушылары (9,10,11 сыныптар), орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері  қатыса алады.

Байқау 2025 жылдың 16 мамыр  күні сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өтеді.

  Байқау шарттары мен байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Байқау мемлекеттік тілде келесі екі бағыт бойынша өтеді:

- С. Мұхамеджановаға  арналған арнау өлеңдер;

- С. Мұхамеджановаға арналған эссе.

4.2 Арнау өлеңнің ұйқасы, көркемдік ерекшелігі, тақырыптың ашылуы;

- Мәнерлеп оқу дағдылары, сөйлеу шеберлігі (дауыс динамикасы, әуені, қарқыны мен ырғағы, эмоционалдығы) ескеріледі;

- Арнау өлеңінің  мәтіні А4 форматындағы бір парақтан аспауы керек;

- Арнау өлеңдерін  оқу уақыты 3-5 минуттан аспауы керек;

- Фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

-  Киім үлгісі, сахна мәдениеті ескеріледі;

- Эссе көлемі 250 сөзден аспау керек.

Эссе  бағыты бойынша қорытынды байқау өтетін күнге дейін шығарылатындықтан, жұмыстар алдын ала тапсырылуы қажет.

Қатысушылар өтінімдері мен шығармашылық жұмыстарын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына «Сәбира Мұхамеджанова» белгісімен жіберу қажет. Байқауға тапсырыс толық қабылданып болғаннан кейін, үміткерлер іріктеу кезеңінен өтеді. (уақыты қосымша хабарланады).

 Байқау жеңімпаздары әділқазылар шешімімен анықталып, марапатталады.

Үйлестіруші: Рамазанов Марат Айтахметұлы, тел.: 8778 939 0078

                         Абылгазинова Гүлбаршын, тел.: 8 705 624 1725


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp