phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Қазақтың тұңғыш ғалымы»: диктант

«Қазақтың тұңғыш ғалымы»: диктант

16 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» тақырыбында диктант өтті.

Аталмыш шара ғалымның ғылыми мұрасын ұлықтап, оның қазақ халқының мәдениеті мен тарихындағы ерекше орнын таныту мақсатында ұйымдастырылған. Диктантқа Ш. Уәлихановтың «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты маңызды еңбегінен үзінді алынып отыр.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақ мәдениетін әлемге танытқан, тарих, этнография және фольклор саласында зерттеулер жүргізген алғашқы кәсіби энциклопедист-ғалым. Ол саяхатшы, ағартушы, көрнекті шығыстанушы, географ, жаратылыстанушы, аудармашы, әдебиетші, публицист, зерттеуші және қазақ халқынан шыққан тұңғыш суретші ретінде мойындалды. Қазіргі ұрпақ оны қазақтың жарық жұлдызы деп мақтаныш етеді.
Ғылыми сапарларында, экспедицияларында ел ішіндегі халық әндері мен эпостарын жинап жазды, аңыздар мен әңгімелер жинақтады. Оның этнографиялық зерттеулері, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен фольклоры жөніндегі еңбектері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келеді.
Диктантқа «Өскемен жоғары медициналық колледжінің» студенттері қатысып сауаттылық деңгейлерін тексерді. Үздік қатысушылары дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Кез келген білімқұмар азамат Шоқан ілімінен өз іздегенін табады. Ш. Уәлиханов еңбектері сан қырлылығымен құнды, мәңгілік мұра!

Dictant 1 Dictant 2 Dictant 3 Dictant 4 Dictant 5 Dictant 6

Анықтама тел.: 26-13-33 (ішкі 123)


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp