phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Медицина Музасы»

«Медицина Музасы»

6 мамыр күні сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Тарбағатай ауданында ұзақ жылдар халыққа қызмет көрсеткен ақ халатты абзал жан Тұрсынханова Мухзар Нұрсейітқызы туралы «Медицина Музасы» атты естеліктер жинағының таныстырылымы өтеді.

Әкесі Нұрсейіттің ағасы Мұхамеджанға ұқсас болсын деп Мұхзар деп азан шақырып қойған есімін жақындары, достары қысқартып Муза атандырып жіберген қараторы келген қағілез қыз 1941 жылы Мұқағали жырлаған күрең күздің қарашасында, Семей өңірінің Бесқарағай ауданы Беген ауылында қарапайым отбасында дүниеге келеді.
1959 жылы орта мектепті тәмамдағаннан кейін, арман қуған жас қыз Семей қаласындағы медицина институтына оқуға түседі. Институтты тәмамдап, қолына дипломын алып 1965 жылы Ақжар аудандық ауруханасына келіп дәрігерлік алғашқы еңбек жолын бастайды. Жас дәрігер аз уақыт ішінде өзін нағыз маман ретінде танытып үлгереді. Муза апай әркез емделушінің тәнін ғана емес, жылы сөзбен жанын да емдейтін сүйікті жанға айналады.
1965 жылдан бастап 2000 жылға дейін Тарбағатай аудандық ауруханасында үздіксіз қызмет етіп ауданның бас дәрігеріне дейінгі лауазымға көтеріледі. Мухзар Нұрсейітқызы бірнеше мәрте республикалық, облыстық, аудандық марапаттарға ие болады, «Құрмет тақтасына» шығады. Қызметтік жүріп түрлі деңгейдегі мерейтойлық медальдар мен бірге «Құрмет белгісі» орденымен марапатталды. Талай жыл бірге қызмет атқарған әріптестері мен жерлестері абзал жанды ілтипатпен, зор құрметпен 2000 жылы зейнеткерлікке шығарып салады. Зейнетке шығысымен Өскемендегі балаларының қолында тұрып, қалған өмірін бала-шағасына арнады.
Бүкіл саналы ғұмырын дәрігерлік қызметке арнап «Медицинаның Музасына» айналған Мұхзар-Муза Нұрсейітқызының бойындағы асыл қасиеттері артындағы ұрпағына үлгі-өнеге.
Шарада марқұмның жерлестері, туған-туыстары, әріптестері жүректе сөзі, құлақта үні қалған жаны жайсаң жан, ақ халатты абзал дәрігер туралы естеліктерімен бөліседі.
Өмір бойы қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірі мен денсаулығының сақшысы болған, тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білген
жерлесіміз Мухзар Нұрсейітқызын еске алу кешінде, жаңа кітаптың таныстырылымында сіздерді күтеміз!

 

 Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp