phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Туған жерін ұлықтаған»: өлкетанушы Тоқсанбай Алпамыс Айтқазыұлымен кездесу

«Туған жерін ұлықтаған»: өлкетанушы Тоқсанбай Алпамыс Айтқазыұлымен кездесу

25 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ерекше мазмұнға толы әдеби кездесу өтті.

«Туған жерін ұлықтаған» атты бұл кеш Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқытушысы, өлкетанушы, қоғам белсендісі Алпамыс Айтқазыұлы Тоқсанбайдың еңбектері:

– «Катонқарағай балуандары»;

– «Үлкен Нарын балуандары»;

– «Катон-Қарағай автобус жүргізушілері»;

– және орыс тіліндегі «Автобусники Большенарымского АТП» атты кітаптары оқырманға жол тартты.

Алпамыс Айтқазыұлы – 1971 жылы ШҚО Катонқарағай ауданы, Өрел ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспирантурасында білімін жалғастырған. Бүгінде облыстың қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып жүрген ұстаз-өлкетанушы әрі тіл жанашыры.

Кездесу барысында жазылған кітаптардың ерекшелігі мен құндылығы жайлы мазмұнды сұхбат өрбіді. Кешке кітап кейіпкерлері мен олардың ұрпақтары, спортшылар мен ардагерлер, студенттер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Автор шығармаларында еңбегі елеусіз қалып жүрген еңбек адамдары – автобус жүргізушілері мен спорт саласының өкілдеріне деген шынайы құрметін жеткізген. Жинақтарда 80-ге жуық балуан мен 40-тан астам жүргізушінің өмір жолы мен кәсіби жолындағы естеліктері қамтылған.

Автордың шәкірттері  орындаған күйлер мен композитор Маржангүл Маниярованың орындауындағы ән кеш ажарын аша түсті.  Шара соңында автор оқырманмен ашық сұхбат құрып, жас буынға ізгі тілегін жеткізді.

Бұл кездесу – еңбекке деген құрмет пен елге қызмет еткен азаматтардың есімін ұлықтауға арналған тағылымды шара болды.

 AlpamysT 1  AlpamysT 2  AlpamysT 4  AlpamysT 7  AlpamysT 8  AlpamysT 13
 AlpamysT 12  AlpamysT 9  AlpamysT 6  AlpamysT 11  AlpamysT 5  AlpamysT 3


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp