phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасы: тәжірибе, мәселелер және зерттеу перспективалары»: халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасы: тәжірибе, мәселелер және зерттеу перспективалары»: халықаралық ғылыми-практикалық конференция

25 сәуір 2025 жылы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері көрнекті қазақстандық тарихшы-ғалым И.В. Ерофееваны еске алуға арналған «Ұлы ДАЛАНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ: ТӘЖІРИБЕ, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ирина Викторовна Ерофеева – Өскемен қаласының тумасы, 150-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, олардың ішінде жоғары оқу орындары үшін жазылған маңызды монографиялар мен оқу құралдары бар. Оның қазақ батырлары мен далалық рыцарлыққа деген терең қызығушылығы, әкесінің ықпалымен мектеп кезеңінде қалыптасып, оның ғылыми жолын анықтауға септігін тигізген. Ол қазақ ортағасырын зерттеуде танылған маман болып, Жәнібек Қашқарулы мен Бөгенбай батырлар туралы, сондай-ақ Абылай ханның өмірі жайында маңызды зерттеулердің авторы.
Конференцияда Ирина Викторовна Ерофееваның ғылыми мұрасы мен Ұлы даланың тарихын зерттеу мәселелеріне арналған баяндамалар тыңдалды. Олардың ішінде келесі зерттеулер ұсынылды:
«Ирина Викторовна Ерофееваның тарихи-мәдени мұрасы Қазақстан тарихнамасында», «И.В. Ерофееваның ғылыми мұрасының Қазақстан ғылымы үшін маңызы», «И.В. Ерофееваның Қазақстандағы немістер тарихын зерттеуге қосқан үлесі», «Шығыс Қазақстанның XVIII ғасырдағы қазақ хандарының эпистолярлық құжаттарында баяндалған тарихи оқиғалар», «И.В. Ерофееваның зерттеулеріндегі Ұлы жүз қазақтарының тарихы туралы деректер мен материалдар».

Конференцияға ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ерлан Текешов, «Кетбұқа-Төлегетай» қорының басшысы Қайрат Мусин, Amanzholov University директорлар кеңесінің төрағасы Амерхан Рахимжанов, сондай-ақ Қытай мен Польшадан келген профессорлар – Чжан Цзяньхуа, Агнешка Михальска және Лешек Зэкшевский, сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының өкілдері Марал Сатенова мен Алтын Уалтаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы, Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Тамара Волкова қатысты.

 

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp