phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Бала күлкісі – әлемнің көркі»

«Бала күлкісі – әлемнің көркі»

Балалардың күлкісі мен қуанышы – әлемнің ең шынайы сұлулығы. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхана қабырғасында өтетін «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
 Бағдарлама аясында балалар үшін түрлі қызықты, танымдық және шығармашылық шаралар ұйымдастырылды:
• «Ғажайып кітап әлеміне саяхат» – квест-ойынында қатысушылар кітап әлемінің құпияларына саяхат жасап, жұмбақтарды шешіп, ұтымды ой мен тапқырлықтарын сынады.
• «Жаздың қызықты оқиғалары» – дауыстап оқу сағатында балалар жаз мезгілінің жарқын сәттері туралы қызықты шығармаларды дауыстап оқып, бір сәтке кейіпкерлер әлеміне еніп, қиялын шарықтатты.
• «Шеберлер мектебі» – қолөнер үйірмелері мен шеберлік сағаттары. Балалар өз қолымен бұйымдар жасап, шығармашылық дағдыларын дамытты. 
• «Жазғы оқу» интерактивті кітап көрмесі мектеп оқушыларына арналған үздік әдебиеттерді қамтыды.
• «Кітап патшалығы» – интерактивті викторинасында балалар кітаптар туралы өз білімдерін сынады.
• «Ертегілер елінде» – ойындар мен конкурстарда балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге ойнап, түрлі конкурстарға қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.
 1 mausym 1  1 mausym 6  1 mausym 9  1 mausym 16  1 mausym 17 1 mausym 8 
 1 mausym 3  1 mausym 11  1 mausym 14  1 mausym 2  1 mausym 12  1 mausym 17
 

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp