phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    А.С. Пушкин атындағы кітапхана Астанада өтіп жатқан IFLA конгресінде

    А.С. Пушкин атындағы кітапхана Астанада өтіп жатқан IFLA конгресінде

     

    Елордада «Білімді біріктіре отырып, болашақты құрамыз» тақырыбымен 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық IFLA конгресі өтуде.

    Конгресс дүние жүзіндегі ұлттық және көпшілік кітапханалар басшылары, кітапханашылар, жетекші университеттер мен ғылыми орталықтар өкілдері, әлемдік баспа индустриясы мамандарының басын қосқан кәсіби алаң.

    IFLA Конгресінің бағдарламасы қазіргі кітапхана саласындағы маңызды бағыттарды қамтитын 86-дан астам секциялық отырысты қамтыды:

    - цифрландыру және жасанды интеллект,

    - электрондық ресурстар мен үлкен деректерді басқару,

    - инклюзивті қызмет көрсету және қолжетімділік,

    - мәдени мұраны сақтау,

    - каталогтау стандарттары мен цифрлық кітапханалар.

    Негізгі іс-шаралар қатарында конгрестің салтанатты ашылу рәсімі, халықаралық делегаттардың флешмобы, доктор Каис Хамаммидің (ICESCO) баяндамасы, сондай-ақ, Астананың көпшілік, университет және мектеп кітапханаларына экскурсиялар.

    Әлемнің 114 елінен 1600-ден астам кәсіби маман жиналған кітапхана ісінің болашағына арналған халықаралық диалогқа А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы да үлес қосып, екі бірегей жобасын ұсынды. Олар «DosAi кітапханалық нейро-ассистенті» және «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» интернет-порталы.

    Шығыс Қазақстан делегациясының дүниежүзілік конгреске қатысуы, өңірлік кітапханалардың жаһандық кәсіби алаңда толыққанды қатысушы бола алатынын көрсетті. Ұсынылған жобалар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, аса қызығушылықтарын туғызды, бұл болашақтағы халықаралық коллаборацияның жаңа көкжиегін ашпақ.

    IFLA 1 IFLA 2 IFLA 3 IFLA 5 IFLA 6 IFLA 7 IFLA 8

     

    Байланыс тел.: 261333

     


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp