phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Қаламгер Әлібек Қаңтарбаевпен рухани сұхбат-кездесу

Қаламгер Әлібек Қаңтарбаевпен рухани сұхбат-кездесу

25 қараша күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі қаламгер, публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Қаңтарбаевпен рухани кездесу өтті.

Іс-шара қаламгердің мемлекет тарапынан берілген жаңа марапат – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленуіне орай ұйымдастырылды.

Рухани кешке әдебиет пен мәдениет өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер адамдарымен қатар, кітапхана оқырмандары, жас қаламгерлер қатысып, жылы лебіздері мен құттықтауларын білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасенов, қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген, жазушы  Жұмағазы Игісінов, журналист Олжас Керей сөз сөйлеп, қаламгердің ұлттық руханиятқа қосқан елеулі үлесін атап өтті. Облыстық Мәдениет басқармасы ел ағасына шапан жауып, ШҚУ ректоры сый-сияпат көрсетті. Әлібек ағамыздың шәкірттері де өздерінің жылы лебіздерін өлеңмен өрнектеп жеткізді.

Кеш иесі Әлібек Қалиұлы өз шығармашылық жолымен, әдемі, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Қаламгердің сөзіне жазылған әнді филармония солистері орындап, мерекелік шараға ерекше реңк берді. Шара соңында күйшілердің орындауындағы қазақтың дәстүрлі күйлері тартылып, «Өнер мұраты – сөз қуаты» кеші ұлттық рухпен түйінделді.

 Qañtarbaev kezdesu 5  Qañtarbaev kezdesu 3  Qañtarbaev kezdesu 14  Qañtarbaev kezdesu 12  Qañtarbaev kezdesu 1  Qañtarbaev kezdesu 6  Qañtarbaev kezdesu 13
 Qañtarbaev kezdesu 2  Qañtarbaev kezdesu 7  Qañtarbaev kezdesu 9  Qañtarbaev kezdesu 11  Qañtarbaev kezdesu 10  Qañtarbaev kezdesu 15  Qañtarbaev kezdesu 8

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp